НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында мал белгісіз аурудан қырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Төтенше жағдай Тимирязев ауданында болды. Ол жерде 15 бас мал өлді. Қазіргі кезде мамандар үш жануардың неден өлгенін анықтап жатыр. Облыстық ветеринария басқармасы ауру және өлген малдан алынған сынамалар Нұр-Сұлтан қаласындағы ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығына жеткізілді.
Зертхана қызметкерлері инфекциялық ринотрахеит, вирустық диарея мен аусылдың бар-жоғын тексереді.
"Ауру малдың жағдай нашар екені анық көрінді. Сілекейі ағып, ауыз қуысының шырышты қабығы зақымданды. Жалпы, ауру мал үш елді мекенде, екі үйде және бір жеке кәсіпкерде тіркелді. Ал екі үйдегі мал жазылып шықты", - дейді басқарма мамандары.
Қазіргі кезде жеке кәсіпкердің шаруашылығында 80 бас мал дертке шалдықты. 15 бас өлді. Соның ішінде 11-і – төл. Аудандық ветеринария қызметі ескі шиналар мен дизельді отынды жеткізіп, мал өлекселерін өрттеп жіберді.
Ветеринарлар ауру малдың оқшауланғанын да тексерді. Оны Приозерное ауылының астық қырманы маңайында ұстап отыр. Барлығы ашық және ылғалды жерде жатыр. Ауру малды ұстайтын басқа жер жоқ.
"Үй жануарларының рационы толыққанды емес. Мал әлсіз, арық. Демек, зат алмасу бұзылған, сан алуан ауруларға шалдығуы мүмкін. Ондай жерде емнің әсері төмендейді", - деп атап көрсетті ветеринарлар.
Қазіргі кезде барлығы нақты диагнозды күтіп отыр. Соның негізінде емдеу шаралары басталады.