https://sputnik.kz/20220405/sotustik-qazaqstan-mal-belgisiz-auru-24005160.html
Солтүстік Қазақстанда мал белгісіз аурудан қырылды
Солтүстік Қазақстанда мал белгісіз аурудан қырылды
Sputnik Қазақстан
Ауру және өлген малдан алынған сынамалар ветеринария бойынша ұлттық референттік орталыққа жеткізілді 05.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-05T16:59+0500
2022-04-05T16:59+0500
2022-04-05T16:59+0500
өңірлер
ауыл шаруашылығы
мал
қауіпті ауру
https://sputnik.kz/img/1274/51/12745176_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_edefd7d54e24d412c0871234fa59d89b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында мал белгісіз аурудан қырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Төтенше жағдай Тимирязев ауданында болды. Ол жерде 15 бас мал өлді. Қазіргі кезде мамандар үш жануардың неден өлгенін анықтап жатыр. Облыстық ветеринария басқармасы ауру және өлген малдан алынған сынамалар Нұр-Сұлтан қаласындағы ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығына жеткізілді. Зертхана қызметкерлері инфекциялық ринотрахеит, вирустық диарея мен аусылдың бар-жоғын тексереді. Қазіргі кезде жеке кәсіпкердің шаруашылығында 80 бас мал дертке шалдықты. 15 бас өлді. Соның ішінде 11-і – төл. Аудандық ветеринария қызметі ескі шиналар мен дизельді отынды жеткізіп, мал өлекселерін өрттеп жіберді. Ветеринарлар ауру малдың оқшауланғанын да тексерді. Оны Приозерное ауылының астық қырманы маңайында ұстап отыр. Барлығы ашық және ылғалды жерде жатыр. Ауру малды ұстайтын басқа жер жоқ. "Үй жануарларының рационы толыққанды емес. Мал әлсіз, арық. Демек, зат алмасу бұзылған, сан алуан ауруларға шалдығуы мүмкін. Ондай жерде емнің әсері төмендейді", - деп атап көрсетті ветеринарлар. Қазіргі кезде барлығы нақты диагнозды күтіп отыр. Соның негізінде емдеу шаралары басталады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/51/12745176_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_f61d53c1fbfde74b180b29c7488154fb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы, мал, қауіпті ауру
ауыл шаруашылығы, мал, қауіпті ауру
Солтүстік Қазақстанда мал белгісіз аурудан қырылды
Ауру және өлген малдан алынған сынамалар ветеринария бойынша ұлттық референттік орталыққа жеткізілді
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында мал белгісіз аурудан қырылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Төтенше жағдай Тимирязев ауданында болды. Ол жерде 15 бас мал өлді. Қазіргі кезде мамандар үш жануардың неден өлгенін анықтап жатыр. Облыстық ветеринария басқармасы ауру және өлген малдан алынған сынамалар Нұр-Сұлтан қаласындағы ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығына жеткізілді.
Зертхана қызметкерлері инфекциялық ринотрахеит, вирустық диарея мен аусылдың бар-жоғын тексереді.
"Ауру малдың жағдай нашар екені анық көрінді. Сілекейі ағып, ауыз қуысының шырышты қабығы зақымданды. Жалпы, ауру мал үш елді мекенде, екі үйде және бір жеке кәсіпкерде тіркелді. Ал екі үйдегі мал жазылып шықты", - дейді басқарма мамандары.
Қазіргі кезде жеке кәсіпкердің шаруашылығында 80 бас мал дертке шалдықты. 15 бас өлді. Соның ішінде 11-і – төл. Аудандық ветеринария қызметі ескі шиналар мен дизельді отынды жеткізіп, мал өлекселерін өрттеп жіберді.
Ветеринарлар ауру малдың оқшауланғанын да тексерді. Оны Приозерное ауылының астық қырманы маңайында ұстап отыр. Барлығы ашық және ылғалды жерде жатыр. Ауру малды ұстайтын басқа жер жоқ.
"Үй жануарларының рационы толыққанды емес. Мал әлсіз, арық. Демек, зат алмасу бұзылған, сан алуан ауруларға шалдығуы мүмкін. Ондай жерде емнің әсері төмендейді", - деп атап көрсетті ветеринарлар.
Қазіргі кезде барлығы нақты диагнозды күтіп отыр. Соның негізінде емдеу шаралары басталады.