НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір — Sputnik. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша сейсенбі күні доллардың орташа бағамы 463,22 теңгені құрады. Бір тәулік ішінде ұлттық валюта биржада 8 теңгеден астам сомаға нығайды.
4 сәуірдегі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшемді бағамы 471,83 теңге деңгейінде болған еді.
Жалпы көлемі 68,8 миллион долларға сауда жасалды. Бұл бір күн бұрынғыға қарағанда 9 миллион долларға аз.
Доллардың ресми бағамы 6 сәуірде 462,91 теңгені құрайды. Мұндай бағам KASE-дегі күндізгі сауда-саттық барысында қалыптасты.
Рубльдің орташа бағамы - 5,5 теңге. Жалпы сомасы 2 миллиард рубль болатын 80 мәміле жасалды.
Айта кетері, 5 сәуірден бастап KASE таңертеңгі сауда-саттық нәтижелерін жарияламайды. Сауда-саттық барысын биржаның сайтында онлайн режимінде көруге болады.
Kurs.kz мәліметі бойынша айырбастау пунктері долларды орта есеппен 465-468 теңгеден сатып алады, 470-471 теңгеге сатады.