https://sputnik.kz/20220405/birzhada-tenge-bagamy-24005694.html
Биржада теңге бағамы нығая түсті
Биржада теңге бағамы нығая түсті
Sputnik Қазақстан
Бүгіннен бастап KASE таңертеңгі сауда-саттық қорытындыларын жарияламайды 05.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-05T17:11+0500
2022-04-05T17:11+0500
2022-04-05T17:11+0500
экономика
теңге
https://sputnik.kz/img/07e6/03/02/23241870_0:0:2560:1440_1920x0_80_0_0_64cad571bf0db8896ca11520d01df405.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір — Sputnik. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша сейсенбі күні доллардың орташа бағамы 463,22 теңгені құрады. Бір тәулік ішінде ұлттық валюта биржада 8 теңгеден астам сомаға нығайды.4 сәуірдегі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшемді бағамы 471,83 теңге деңгейінде болған еді.Жалпы көлемі 68,8 миллион долларға сауда жасалды. Бұл бір күн бұрынғыға қарағанда 9 миллион долларға аз. Доллардың ресми бағамы 6 сәуірде 462,91 теңгені құрайды. Мұндай бағам KASE-дегі күндізгі сауда-саттық барысында қалыптасты. Рубльдің орташа бағамы - 5,5 теңге. Жалпы сомасы 2 миллиард рубль болатын 80 мәміле жасалды.Айта кетері, 5 сәуірден бастап KASE таңертеңгі сауда-саттық нәтижелерін жарияламайды. Сауда-саттық барысын биржаның сайтында онлайн режимінде көруге болады.Kurs.kz мәліметі бойынша айырбастау пунктері долларды орта есеппен 465-468 теңгеден сатып алады, 470-471 теңгеге сатады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/02/23241870_296:0:2216:1440_1920x0_80_0_0_ce0166bfe873773eafe5c82686938f26.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теңге
Биржада теңге бағамы нығая түсті
Бүгіннен бастап KASE таңертеңгі сауда-саттық қорытындыларын жарияламайды
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір — Sputnik. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша сейсенбі күні доллардың орташа бағамы 463,22 теңгені құрады. Бір тәулік ішінде ұлттық валюта биржада 8 теңгеден астам сомаға нығайды.
4 сәуірдегі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшемді бағамы 471,83 теңге деңгейінде болған еді.
Жалпы көлемі 68,8 миллион долларға сауда жасалды. Бұл бір күн бұрынғыға қарағанда 9 миллион долларға аз.
Доллардың ресми бағамы 6 сәуірде 462,91 теңгені құрайды. Мұндай бағам KASE-дегі күндізгі сауда-саттық барысында қалыптасты.
Рубльдің орташа бағамы - 5,5 теңге. Жалпы сомасы 2 миллиард рубль болатын 80 мәміле жасалды.
Айта кетері, 5 сәуірден бастап KASE таңертеңгі сауда-саттық нәтижелерін жарияламайды. Сауда-саттық барысын биржаның сайтында онлайн режимінде көруге болады.
Kurs.kz мәліметі бойынша айырбастау пунктері долларды орта есеппен 465-468 теңгеден сатып алады, 470-471 теңгеге сатады.