АЛМАТЫ, 4 сәуір – Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері 5-7 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Болжамға сәйкес, бұл күндері солтүстік, батыс, шығыс өңірлер Солтүстік-Батыс циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер ықпалында болады. Соған байланысты бұл аймақтарда жауын-шашын жауады, жел күшейеді. Түнгі уақытта көктайғақ болуы мүмкін.
Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде күн жылы болады. Алайда таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Күндіз бұл аймақтарда термометр бағаны +20...+28C дейін жетеді.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтанда 5 сәуірде күн бұлтты, түнде +3C, күндіз +13C болады. Болжамға сәйкес, елордада 6 сәуірде өткінші жаңбыр жауады. Түнде +2C, күндіз +7C көрсетеді. 7 наурызда да күн бұлтты, түнде нөл градус, күндіз +10C.
Алматыда 5 сәуірде күн бұлтты болады, түнде ауа температурасы +14C, күндіз +24C көрсетеді. 6-7 сәуірде күн ашық, түнде +16...+18C, күндіз +26...+27C болады.
Шымкентте 5 сәуірде күн ашық, түнде +14C, күндіз +27C. 6-7 сәуірде күн бұлтты, түнде +16...+17C, күндіз +23...+28C болады.