Қоғам

Маман болжам жасады: қазақстандықтарды сәуір айында не күтіп тұр

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2022
Жазылу
Жұлдызнамашының болжамынша, сәуірдің басында әлемде әскери іс-қимылдар күшейсе, айдың ортасында бітімге келу жайлы сөз қозғалады
НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Белгілі астролог Ирина Әбдірайымова сәуір айына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Маман сәуір айының негізгі астрологиялық құбылыстарына тоқталды. Айтуынша, 30 сәуірде күннің тұтылуы басталып, 16 мамырда ай тұтылады. Жұлдызнамашы тұтылу дәлізі кезеңінде саналы түрде шешім қабылдап, эмоцияға ерік бермеуге шақырды.
"Тұтылу құбылысына Торпақ – Сарышаян өсі қатысады. Бұл қаржы, жинақ, жайлылық, инвестицияны білдіреді. Уран энергиясы да іске қосылады. Бұл интернет кеңістікке түбегейлі өзгерістер алып келуі ықтимал. Тұтылу процесі қаржы нарықтарына да ықпал етеді. Әлемдік валюталар бойынша жасырын тетіктер іске қосылуы ғажап емес. Бұл доллар жоғалады деген сөз емес, бірақ жаһандық қайта бөлу басталуы мүмкін", - деп болжады Әбдірайымова.
Астрологтың айтуынша, Юпитер-Нептун энергиясы, әсіресе, 7 мен 22 сәуір аралығында қатты сезіледі. Бұл кезеңде моральдық және әдеп ережелеріне, әлеуметтік-мәдени құндылықтарға басымдық беріледі. Адам зорлық-зомбылықтан, мәжбүрлеу мен өктемдіктен ада, ізгілік пен адамгершілік салтанат құрған қоғамға ұмтылады.
Алматыда көктем - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2022
Қоғам
Қазақстанда 1 сәуірден бастап не өзгереді
Ал Нептун планетасы адамның көкірек көзін ашады. Адамдар басқалары алдындағы жауапкершілікті сезінеді. Бірлікте күш барын ұғынып, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға тырысады. Яғни бұл кезең шыдамдылыққа, адамгершілік пен жомарттыққа үйретеді.
"Егер сәуірдің алғашқы күндері шиеленіс пен әскери іс-қимылдар күшейсе, сәуірдің екінші жартысы мен мамырда бітімге келу уақыты басталады. Бірақ татуласу ұзаққа созылмауы мүмкін. Күзге қарай жаңа леп алып, қақтығысқа көбірек ел қосылуы мүмкін деген қауіп бар", - деп ескертті маман.
Астрологтың болжамынша, мұнай және газбен байланысты апатты жағдайлар, су тасқыны болады.

Ай күндеріне болжам

1-6 сәуір – көшбасшылыққа ұмтылу, табандылық, агрессияға ұласатын өктемдік, ашу-ыза. Қоғамда жағдай тұрақсыз болуы мүмкін. Апат, өрт, өндірістік жарақат саны өседі. Суық тию, тұмау жиілейді. Тіс жұлуға қолайлы уақыт емес. Дауласу, ақпаратты қабылдау мен өңдеу жылдамдығы артады.
7, 8 сәуір – даулы мәселелерді шешу үшін сәтті кезең.
9, 10 сәуір күндері адам өз көзқарасынан айнымай тұра білуге тырысады. Бірақ оған ешкім құлақ аспауы мүмкін. Айтылған сын қарсы тараптың ашуына тиіп, жай даудың өзі төбелеске ұласып кетуі мүмкін.
Ал 11 сәуірде энергия ауысып, сынды өткір қабылдау, өз көзқарасын дәлелдеуге тырысу деген ой болмайды.
15 сәуір – құпиялық, жоспарыңды өзгелермен бөліспеу. Сондай-ақ қарыздан құтылу уақыты десе де болады. Кейбір жанжалдарда, соның ішінде саяси дауларда әдейі арандатушылық болуы мүмкін. Сол себепті кез келген ақпаратты мұқият тексерген абзал.
16, 17, 18 сәуір – дау-жанжал жиілейтін күндер. Адамдар өркөкіректікке салынып, басқаруға, өз дегеніне көндіруге тырысады. Бұл күндері ішкі түйсікке сенген жөн.
20 сәуір – табандылық, мақсатқа ұмтылу, ұстамдылық. Адам өз мақсатына жетуді қалайды, әсіресе материалдық мәселеде. Бірақ асығыс шешім қабылдамайды, әліптің артын бағады.
Айдың соңғы онкүндігі энергиялар тұрғысынан үйлесімді, жайлы болады. Татуласу жайлы жиі сөз қозғалады.
Жаңалықтар
0