Өңірлер

Ақтөбе аудандарының бірінде малдан бруцеллез анықталды

Бруцеллез созылмалы сипаттағы аса қауіпті жұқпалы ауру санатына жатады
Sputnik
АЛМАТЫ, 4 сәуір – Sputnik. Ақтөбе аудандарының бірінде малдан бруцеллез анықталды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Осыған байланысты ауру шыққан шаруашылық аумағында карантин шараларын енгізу жоспарланған.
"Ақтөбе әкімдігі ірі қара мен уақ мал арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Ақтөбе қаласы "Алматы" ауданы Садовая, Жемісті, Парасат, Бәйшешек көшелері мен "Садовый" тұрғын алабының 19/2 учаскесі аумағында шектеу іс-шараларын енгізуге қаулы етеді", - делінген "Ашық НҚА" сайтындағы құжатта.
Бруцеллез созылмалы сипаттағы аса қауіпті жұқпалы ауру санатына жатады. Қоздырғыш бактериялар төмен температураға төзімді және бір жылдан астам уақыт бойы сақталады. Қайнаған суда бірден өледі. Бруцеллез жануардан адамға өтеді. Бруцеллезді жұқтырған кезде сүйек-буын және жүрек-тамыр жүйесі зақымданады.
4 сәуірде мәжілістің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Барлыбаев парламенттегі Үкімет сағатында сөйлеген сөзінде Қазақстанда эпизоотиялық жағдай нашарлап келе жатқанын – үй жануарлары арасында жұқпалы ауру көбейгенін мәлімдеді.
Атап айтқанда, 2020-2021 жылдары бруцеллезбен сырқаттану 2%-ке, сібір жарасы – 6 есе, лептоспироз – 5 есе, анаэробты энтеротоксемия – 5 есе, вирустық диарея және инфекциялық ринотрахит 113%-ке ұлғайды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағалауы бойынша бруцеллез және құтыру ауруымен күресте оң динамика байқалмайды.
Қазақстанда малдардың қауіпті инфекция жұқтыруы жиіледі