https://sputnik.kz/20220404/aqtobe-mal-brutsellez-anyqtaldy-23940325.html
Ақтөбе аудандарының бірінде малдан бруцеллез анықталды
Ақтөбе аудандарының бірінде малдан бруцеллез анықталды
Sputnik Қазақстан
Бруцеллез созылмалы сипаттағы аса қауіпті жұқпалы ауру санатына жатады 04.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-04T14:50+0500
2022-04-04T14:50+0500
2022-04-04T14:50+0500
өңірлер
ақтөбе
бруцеллез
https://sputnik.kz/img/07e5/01/06/15930919_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_b9e3691ea9799747290d4428415c5cf7.jpg
АЛМАТЫ, 4 сәуір – Sputnik. Ақтөбе аудандарының бірінде малдан бруцеллез анықталды, деп хабарлайды "Мой город" порталы. Осыған байланысты ауру шыққан шаруашылық аумағында карантин шараларын енгізу жоспарланған. Бруцеллез созылмалы сипаттағы аса қауіпті жұқпалы ауру санатына жатады. Қоздырғыш бактериялар төмен температураға төзімді және бір жылдан астам уақыт бойы сақталады. Қайнаған суда бірден өледі. Бруцеллез жануардан адамға өтеді. Бруцеллезді жұқтырған кезде сүйек-буын және жүрек-тамыр жүйесі зақымданады. 4 сәуірде мәжілістің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Барлыбаев парламенттегі Үкімет сағатында сөйлеген сөзінде Қазақстанда эпизоотиялық жағдай нашарлап келе жатқанын – үй жануарлары арасында жұқпалы ауру көбейгенін мәлімдеді. Атап айтқанда, 2020-2021 жылдары бруцеллезбен сырқаттану 2%-ке, сібір жарасы – 6 есе, лептоспироз – 5 есе, анаэробты энтеротоксемия – 5 есе, вирустық диарея және инфекциялық ринотрахит 113%-ке ұлғайды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағалауы бойынша бруцеллез және құтыру ауруымен күресте оң динамика байқалмайды.
https://sputnik.kz/20220404/qazaqstan-mal-qauipti-infektsiya-23939989.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/06/15930919_293:0:1733:1080_1920x0_80_0_0_5bb009b86919061b86d11787cb5a3ba3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, бруцеллез
Ақтөбе аудандарының бірінде малдан бруцеллез анықталды
Бруцеллез созылмалы сипаттағы аса қауіпті жұқпалы ауру санатына жатады
АЛМАТЫ, 4 сәуір – Sputnik. Ақтөбе аудандарының бірінде малдан бруцеллез анықталды, деп хабарлайды
"Мой город" порталы.
Осыған байланысты ауру шыққан шаруашылық аумағында карантин шараларын енгізу жоспарланған.
"Ақтөбе әкімдігі ірі қара мен уақ мал арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Ақтөбе қаласы "Алматы" ауданы Садовая, Жемісті, Парасат, Бәйшешек көшелері мен "Садовый" тұрғын алабының 19/2 учаскесі аумағында шектеу іс-шараларын енгізуге қаулы етеді", - делінген "Ашық НҚА" сайтындағы құжатта.
Бруцеллез созылмалы сипаттағы аса қауіпті жұқпалы ауру санатына жатады. Қоздырғыш бактериялар төмен температураға төзімді және бір жылдан астам уақыт бойы сақталады. Қайнаған суда бірден өледі. Бруцеллез жануардан адамға өтеді. Бруцеллезді жұқтырған кезде сүйек-буын және жүрек-тамыр жүйесі зақымданады.
4 сәуірде мәжілістің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Барлыбаев парламенттегі Үкімет сағатында сөйлеген сөзінде Қазақстанда эпизоотиялық жағдай нашарлап келе жатқанын – үй жануарлары арасында жұқпалы ауру көбейгенін мәлімдеді.
Атап айтқанда, 2020-2021 жылдары бруцеллезбен сырқаттану 2%-ке, сібір жарасы – 6 есе, лептоспироз – 5 есе, анаэробты энтеротоксемия – 5 есе, вирустық диарея және инфекциялық ринотрахит 113%-ке ұлғайды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағалауы бойынша бруцеллез және құтыру ауруымен күресте оң динамика байқалмайды.