НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Каспий теңізінің қазақстандық секторында бақылауды күшейтеді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі ішкі істер министрлігі және экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп Каспий теңізі су айлағында браконьерлік әрекеттің жолын кесуге және биологиялық әртүрлілікті сақтауға бағытталған ұйымдық және практикалық іс-шаралар кешенін жүргізуді бастады.
"ҰҚК Шекара қызметі көрсетілген іс-шараларды өткізу кезеңінде Каспий теңізінің қазақстандық секторында белгіленген режимдердің сақталуын бақылау күшейтілетінін хабарлайды", - делінген хабарламада.
Атап айтқанда, мемлекеттің табиғи байлықтарын тонаумен байланысты заңсыз әрекеттерді анықтау бойынша бірқатар бірлескен рейдтер өткізу жоспарланған.