Қоғам

Каспий теңізінде есірткі тиеген шетелдік кеме ұсталды – видео

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуКорвет "Совершенный" пополнил состав Тихоокеанского флота
Корвет Совершенный пополнил состав Тихоокеанского флота - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2022
Жазылу
Ұсталғандардан есірткінің бірнеше түрі анықталды
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен шекара қызметі Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдаған шетел азаматтарын құрықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.
"2021 жылғы қазанда шекара қызметі мен ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті Каспий теңізі су айлағындағы бірлескен іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені үшін екі шетел азаматы бар "Амур" типті шағын кемені ұстады", - делінген ресми хабарламада.
Жүзу құралын тексеру барысында салмағы 14 келі "апиын", 8 келі "гашиш" және "метадон" психотроптық затының 29 пластинасы тәркіленді.
2021 жылғы желтоқсанда ұсталғандардың біреуі Қылмыстық кодекстің 392-бабы, 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге Қазақстан аумағынан шығарумен 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Ал екіншісі Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі (айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы), 297-бабы 3-бөлігі 1, 3-тармақтары (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) және 392-бабы 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша жауапқа тартылған.
2022 жылы 10 наурызда мамандандырылған ауданаралық сот оны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеумен 17 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Жаңалықтар
0