Өңірлер

Тұрғындар Талғар ауданы әкімдігінің алдында митинг ұйымдастырды

Тұрғындар құрылыс орнына жер асты суының жақын болуына байланысты бұл аймақта көпқабатты тұрғын үй салу заңсыз әрі қауіпті деп санайды
Sputnik
АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Алматы облысындағы Бесағаш ауылының тұрғындары аудан әкімдігінің алдына жиналып, өз тұрғын үйінің жанында көпқабатты үй салуға қарсы шықты.
Талғар ауданы әкімдігінің ғимаратында жиналғандар аудан әкімі Қайдар Әбдіхановпен кездесті. Әлеуметтік желіде кездесуден үзінді видео жарияланды.
Тұрғындардың айтуынша, құрылысты жүргізетіндер бірқатар өрескел бұзушылықтарға жол берген.
Тұрғындар құрылыс орнына жер асты суының жақын болуына байланысты бұл аймақта көпқабатты тұрғын үй салу заңсыз әрі қауіпті деп санайды.
Сондай-ақ олар 9 қабатты тұрғын үйдің көлеңкесінде қалып, үйлеріне жарық түспейтініне алаңдаулы. Бұған дейін тұрғындар құрылыс маңында жиналған.
Ол кезде билік өкілдері әкімдік ғимаратына келіп, талқылау жүргізуге шақырған. Алайда кей құжаттың дайын болмауына байланысты әкімдік кездесуді кейінге қалдыруды жоспарлаған.
Алайда бұл өзгерістер тұрғындарға жеткізілмеген. Енді аудан әкімдігі халықпен тағы бір рет кездесу ұйымдастыруға келісті.