https://sputnik.kz/20220401/turgyndar-talgar-miting-23888986.html
Тұрғындар Талғар ауданы әкімдігінің алдында митинг ұйымдастырды
Тұрғындар Талғар ауданы әкімдігінің алдында митинг ұйымдастырды
Sputnik Қазақстан
Тұрғындар құрылыс орнына жер асты суының жақын болуына байланысты бұл аймақта көпқабатты тұрғын үй салу заңсыз әрі қауіпті деп санайды 01.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-01T10:37+0500
2022-04-01T10:37+0500
2022-04-01T10:37+0500
өңірлер
алматы облысы
митинг
https://sputnik.kz/img/1150/75/11507598_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_2f8638630fcb065924f44a1b400f2643.jpg
АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Алматы облысындағы Бесағаш ауылының тұрғындары аудан әкімдігінің алдына жиналып, өз тұрғын үйінің жанында көпқабатты үй салуға қарсы шықты. Талғар ауданы әкімдігінің ғимаратында жиналғандар аудан әкімі Қайдар Әбдіхановпен кездесті. Әлеуметтік желіде кездесуден үзінді видео жарияланды.Тұрғындардың айтуынша, құрылысты жүргізетіндер бірқатар өрескел бұзушылықтарға жол берген. Тұрғындар құрылыс орнына жер асты суының жақын болуына байланысты бұл аймақта көпқабатты тұрғын үй салу заңсыз әрі қауіпті деп санайды. Сондай-ақ олар 9 қабатты тұрғын үйдің көлеңкесінде қалып, үйлеріне жарық түспейтініне алаңдаулы. Бұған дейін тұрғындар құрылыс маңында жиналған. Ол кезде билік өкілдері әкімдік ғимаратына келіп, талқылау жүргізуге шақырған. Алайда кей құжаттың дайын болмауына байланысты әкімдік кездесуді кейінге қалдыруды жоспарлаған. Алайда бұл өзгерістер тұрғындарға жеткізілмеген. Енді аудан әкімдігі халықпен тағы бір рет кездесу ұйымдастыруға келісті.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1150/75/11507598_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_cf2050fedabb790e0b92fd8450ef8253.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, митинг
Тұрғындар Талғар ауданы әкімдігінің алдында митинг ұйымдастырды
Тұрғындар құрылыс орнына жер асты суының жақын болуына байланысты бұл аймақта көпқабатты тұрғын үй салу заңсыз әрі қауіпті деп санайды
АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Алматы облысындағы Бесағаш ауылының тұрғындары аудан әкімдігінің алдына жиналып, өз тұрғын үйінің жанында көпқабатты үй салуға қарсы шықты.
Талғар ауданы әкімдігінің ғимаратында жиналғандар аудан әкімі Қайдар Әбдіхановпен кездесті. Әлеуметтік желіде кездесуден үзінді видео жарияланды.
Тұрғындардың айтуынша, құрылысты жүргізетіндер бірқатар өрескел бұзушылықтарға жол берген.
Тұрғындар құрылыс орнына жер асты суының жақын болуына байланысты бұл аймақта көпқабатты тұрғын үй салу заңсыз әрі қауіпті деп санайды.
Сондай-ақ олар 9 қабатты тұрғын үйдің көлеңкесінде қалып, үйлеріне жарық түспейтініне алаңдаулы. Бұған дейін тұрғындар құрылыс маңында жиналған.
Ол кезде билік өкілдері әкімдік ғимаратына келіп, талқылау жүргізуге шақырған. Алайда кей құжаттың дайын болмауына байланысты әкімдік кездесуді кейінге қалдыруды жоспарлаған.
Алайда бұл өзгерістер тұрғындарға жеткізілмеген. Енді аудан әкімдігі халықпен тағы бір рет кездесу ұйымдастыруға келісті.