НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Қазақстанның қорғаныс министрлігі Қостанай облысында ресейлік техниканың жүргені туралы әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді.
"Ресейлік техниканың Қостанай облысының аумағында жүріп-тұруына қатысты бейнежазбада іздестіру-құтқару командаларын қамтамасыз ету бөлімшесінің легі Байқоңырдан Ресей Федерациясындағы тұрақты орналасу пункттеріне кеткені көрсетілген", - делінген министрліктің хабарламасында.
Бұл бөлімше Қазақстанда биылғы жылдың 14 наурызынан бастап Қостанай облысының Арқалық ауданына қонған ғарышкерлер капсуласын іздестіру мақсатымен болды.
Бұған дейін Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз МС-21" ғарыш кемесі ұшырылып, сондай-ақ "Союз МС-19" кемесі қонғаны хабарланған болатын.