Видео

Ғарышкерлер ұшар алдында не істейді – Байқоңырда түсірілген видео

Жазылу
Байқоңырдан "Ю.А.Гагарин" (Союз МС-18) ғарыш кемесін ұшыруға аз уақыт қалды. Ол ресейліктер Олег Новицкий мен Петр Дубровты, сондай-ақ америкалық Марк Ванде Хайды Халықаралық ғарыш станциясына жеткізеді

ХҒС-қа жаңа экспедиция тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің ұшқанына 60 жыл толуына арналған.

9 сәуір күні таңертең ерте негізгі және қосалқы құрамды шығарып салу салтанаты өтті. Оларды "Космонавт" қонақ үйінен "Земляне" тобының аңызға айналған "Трава у дома" композициясымен шығарып салды.

Роскосмостың хабарлауынша, ғарышкерлер дәстүр бойынша қонақ үй бөлмелерінің есігіне өз қолтаңбасын қалдырды.

"Иә, әрине, ғарышкерлер ұшар алдындағы барлық дәстүрді сақтады", - деді Sputnik Қазақстанға қосалқы экипаж құрамына кірген Антон Шкаплеров пен Олег Артемьев.

Эпидемияға қарсы қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында ғарышкерлердің туыстары мен жақындарына ұшатын күні Байқоңырға келуге рұқсат етілген жоқ.

Экипаж ғарыш кемесінің кабинасындағы орындарға жайғасып үлгерді. Жоспарланған ұшу ұзақтығы – 191 күн.

Жаңалықтар
0