Қостанай облысында өрт кезінде үш кішкентай бала қаза тапты

Өрт шыққан кезде балалар үйде жалғыз қалған, ата-анасы жұмыста болған
Sputnik
АЛМАТЫ, 31 наурыз – Sputnik. Қостанай облысы Амангелді ауылында екі пәтерлі тұрғын үйде өрт шығып, үш кішкентай бала қаза тапты, деп хабарлады облыстың төтенше жағдайлар департаменті.
Үйде 1983 және 1994 жылы туған ерлі-зайыпты төрт баласымен бірген тұрған. Балалардың үлкені 8 жаста.
Өрт сөндірушілер келгенше көршілер төрт баланы өрт ортасынан шығарған, ол уақытта балалар үйде жалғыз қалған. Өрт болған кезде ата-анасы жұмыста болған.
"Сағат 10:55-те Амангелді аудандық орталық ауруханасының қызметкерлері 2016, 2019 және 2020 жылдары туған үш баланың көз жұмғанын тіркеді", - деп хабарлады ТЖД.
Өртті сөндіруге Амангелді ауылының 26 өрт сөндіру бөлімінің 4 қызметкері мен бір техникасы жұмылдырылды.
Өрттің шығу себебін анықтау үшін Амангелді ауданына ТЖД мамандары жіберілді.
Өңірлер
Солтүстік Қазақстанда полицейлер бір отбасын өрттен аман алып қалды