Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда полицейлер бір отбасын өрттен аман алып қалды

© Sputnik / Ксения ВоронинаСотрудники турполиции Казахстана
Сотрудники турполиции Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2021
Жазылу
Олар полицияның кезекші бөліміне және өрт сөндіру қызметіне оқиға жайлы хабарлап, көп кешіктірмей адамдарды қауіпсіз жерге шығаруға кіріскен
НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері бір отбасын өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жексенбіге қараған түні аудан орталығы Тайыншадағы үйлердің біріне жапсарлас салынған қора өртенген.
Сағат 03:30 шамасында ұйқыдағы қаланың үстіне үйірілген түтінді полицияның кешенді күштері құрамында патрульде жүрген аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Алтынбек Омаров, Мирас Қорланов мен Таирқан Шәріпов байқаған.
Олар полицияның кезекші бөліміне және өрт сөндіру қызметіне оқиға жайлы хабарлап, көп кешіктірмей адамдарды қауіпсіз жерге шығаруға кіріскен.
Қоршаудан секіріп түсіп, терезені қағып, үй ішіндегі ерлі-зайыптыларды оятқан. Бес минут ішінде жақын маңдағы тағы екі жасақ көмекке келген.
Өрт сөндірушілер келіп жеткенше тәртіп сақшылары және үй иелері тізбекпен тұра қалып, құдықтан шелектеп су құйып өрттің таралуына жол бермеген.
Өртенген қорадағы тауықтар өліп қалған, басқа жануарлар аман, тұрғын-жай зардап шеккен жоқ. Кешікпей келіп жеткен өрт сөндірушілер өртті сөндірді.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0