Қаңтар оқиғасы

Қаңтардағы бүлік: Алматы әуежайы мен полиция ғимаратына шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Ұсталған адамға қатысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр
Sputnik
АЛМАТЫ 31 наурыз – Sputnik. Көліктегі полиция департаментінің жедел тергеу тобы Алматыдағы әуежай мен полиция департаментінің ғимаратына шабуыл жасады деген күдікке ілінген жігітті ұстады. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова хабарлады.
Бейнебақылау камерасындағы видеоларды қарау барысында Жамбыл облысының 24 жастағы тумасы анықталып, ұсталды. Ол Алматы қаласында тұрған.
"Ұсталған азаматтың 2022 жылдың 5 қаңтарында тәртіпсіздікке қатысқан басқа адамдармен бірге қару-жарақ дүкенінен қару ұрлап, Алматы әуежайына қарулы шабуыл жасап, содан кейін сыбайластарымен бірге қалалық полиция департаментіне барғаны анықталды. Одан кейін ол полиция ғимаратын таңғы 6-ға дейін қоршауға алған", - деді ІІМ көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиев.
Кейін ол ұрланған қаруды белгісіз тұлғаға 40 мың теңгеге сатқан.
Қазір ұсталған азаматқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қаңтар оқиғасы
Қаңтардағы бүлік кезінде ұрланған қару-жарақтың үштен бір бөлігі ғана табылды