Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Қаңтардағы бүлік кезінде ұрланған қару-жарақтың үштен бір бөлігі ғана табылды

қару - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2022
Жазылу
Қаңтар оқиғасы кезінде 3 мыңнан астам қару-жарақтың ұрланған
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Қазіргі уақытта табылған қарудың жалпы саны 1069 бірлікті құрайды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тәркіленген қару-жарақтың ішінде 123 автомат, 231 тапанша, 263 тегіс ұңғылы мылтық, 84 бірлік кесілген қару, 168 граната, 9 гранатомет пен 2 пулемет бар.
"Одан басқа 21 759 оқ-дәрі табылды. Түсіндіру жұмысынан кейін азаматтар қарудың 100-ден артық бірлігін өз еркімен тапсырғанын атап өтеміз", - деді Әділов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Бұған дейін қаңтар оқиғасы кезінде 3 мыңнан астам қару-жарақтың ұрланғаны туралы ақпарат болды.
"Осыған байланысты азаматтарды күдікті адамдар, атыс және суық қаруды заңсыз сақтау мен сату туралы белгілі ақпаратты полицияға хабарлауды тағы да сұраймыз. Қылмыстық элементтер заңсыз айналымға түскен қаруды кез келген уақытта бейбіт азаматтарға қарсы қолдануы мүмкін", - деп атап көрсетті Әділов.
Айта кетері, бүгінгі таңда ішкі істер органдары 2997 қылмыстық істі тергеп жатыр. Соттың санкциясымен 194 адам қамауға алынды. Олардың басым бөлігі, атап айтқанда, 152 адам жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрлық жасады. 22 адам қаруды заңсыз сақтағаны үшін, ал 24 адам қаруды ұрлағаны үшін қамауда отыр.
Алматы, қаңтар 2022 - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2022
Қаңтар оқиғасы
Қаңтар оқиғасы: полицияны көлікпен соққан ер адам ұсталды – видео
Жаңалықтар
0