Лос-Анджелесте "Оскар"сыйлығын табыстаудың 94-ші салтанатты жиыны күтпеген жайтқа толы болды: ешкім ойламаған актерлер мүсінше алды, актер Уилл Смит жүргізуші Крис Рокқа жұдырық сілтеді. Себебі актер әріптесінің өз әйелі туралы қалжыңын көтере алмай, сахнаға шығып, оған соққы жасады. Әйткенмен Уилл Смитке осы жылғы алғашқы "Оскар" мүсіншесі бұйырды.
Ал "CODA: Саңырау ата-ананың баласы" комедия-драма фильмі басты марапатқа ие болды. Джейн Кэмпионның "Төбет күші" атты шулы картинасы бәрінен көш кейін қалып, тек "Үздік режиссура" номинациясында марапат алды.
Dolby театрының сахнасындағы басқа да әсерлі сәттерді суреттер топтамасынан көріңіздер.