АҚШ-та "Оскар" сыйлығын табыс ету рәсімі қалай өтті - фото
АҚШ-та "Оскар" сыйлығын табыс ету рәсімі қалай өтті - фото
Sputnik Қазақстан
Кино әлеміндегі беделді марапаттың бірі "Оскар" сыйлығын табыс ету рәсімі өтті. Бұл жолы жиын төбелессіз өтпеді. Актер мен жүргізуші арасындағы кикілжің... 29.03.2022, Sputnik Қазақстан
Лос-Анджелесте "Оскар"сыйлығын табыстаудың 94-ші салтанатты жиыны күтпеген жайтқа толы болды: ешкім ойламаған актерлер мүсінше алды, актер Уилл Смит жүргізуші Крис Рокқа жұдырық сілтеді. Себебі актер әріптесінің өз әйелі туралы қалжыңын көтере алмай, сахнаға шығып, оған соққы жасады. Әйткенмен Уилл Смитке осы жылғы алғашқы "Оскар" мүсіншесі бұйырды.Ал "CODA: Саңырау ата-ананың баласы" комедия-драма фильмі басты марапатқа ие болды. Джейн Кэмпионның "Төбет күші" атты шулы картинасы бәрінен көш кейін қалып, тек "Үздік режиссура" номинациясында марапат алды.Dolby театрының сахнасындағы басқа да әсерлі сәттерді суреттер топтамасынан көріңіздер.
Кино әлеміндегі беделді марапаттың бірі "Оскар" сыйлығын табыс ету рәсімі өтті. Бұл жолы жиын төбелессіз өтпеді. Актер мен жүргізуші арасындағы кикілжің Голливудтағы Dolby театрының сахнасында болды.
Лос-Анджелесте "Оскар"сыйлығын табыстаудың 94-ші салтанатты жиыны күтпеген жайтқа толы болды: ешкім ойламаған актерлер мүсінше алды, актер Уилл Смит жүргізуші Крис Рокқа жұдырық сілтеді. Себебі актер әріптесінің өз әйелі туралы қалжыңын көтере алмай, сахнаға шығып, оған соққы жасады. Әйткенмен Уилл Смитке осы жылғы алғашқы "Оскар" мүсіншесі бұйырды.
Ал "CODA: Саңырау ата-ананың баласы" комедия-драма фильмі басты марапатқа ие болды. Джейн Кэмпионның "Төбет күші" атты шулы картинасы бәрінен көш кейін қалып, тек "Үздік режиссура" номинациясында марапат алды.
Dolby театрының сахнасындағы басқа да әсерлі сәттерді суреттер топтамасынан көріңіздер.
"Екінші пландағы үздік актер" атанған Трой Коцур " Лос-Анджелесте "Оскар" сыйлығын табыстау салтанатынан кейін губернатор балында CODA" актерлік құрамы - Марли Мэтлин, Эудженио Дербес, Эмилия Джонс, Эми Форсайт және Дэниел Дюрантпен бірге суретке түсіп тұр, Калифорния, АҚШ, 27 наурыз, 2022 жыл.
"Оскар" сыйлығын табыстау салтанатында Джессика Честейн (ортада) "Тэмми Фэйдің көздері" фильміндегі рөлі үшін марапат алып жатыр. Актрисаға мүсіншені кино саласындағы сыйлықтың екі дүркін иегері 84 жастағы Энтони Хопкинс табыстады.
"Екінші пландағы үздік әйел рөлі" номинациясының жеңімпазы Ариана Дебоуз, "Екінші пландағы үздік ер адам рөлі" номинациясының жеңімпазы Трой Коцур және "Үздік әйел рөлі" номинациясының жеңімпазы Джессика Честейн фотобөлмеде өз "Оскарымен" суретке түсіп тұр.