НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы жаңа маусымды бес қола жүлдемен бастады, деп хабарлады Olympic.kz.
Грекияның Афина қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы мәресіне жетті. Аталған додаданы Қазақстан құрамасы бес қола медальмен аяқтады.
Еуропа кубогында жүлдегер атанған спортшылар:
Нұрқанат Серікбаев (60 кг)
Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кг)
Асанәлі Абзалбек (73 кг)
Айдар Арапов (90 кг)
Жұрқамырза Шүкірбеков (-100 кг)
Айта кетері, бұл Қазақстан жастар құрамасы үшін жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық жарыс болды.