Қазақстанның ерлер құрамасы садақ атудан Азия кубогында топ жарды

© Public Domain suju-fotoСадақ пен жебе, архивтегі фото
Садақ пен жебе, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2022
Жазылу
Қазақстандық спортшылар финалда Үндістан құрамасын айқын басымдықпен жеңді
НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Садақ атудан Қазақстан құрамасы Азия кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлады Olympic.kz.
Тайландтың Пхукет қаласында садақ атудан Азия кубогы өтіп жатыр. Аталған жарыста ерлер арасында командалық сын бойынша қазақстандық спортшылар қарсылас шақ келтірген жоқ. Финалда олар Үндістан құрамасын айқын басымдықпен жеңді.
Айта кетері, құрлықтық додада командалық жарыста ел құрама сапынан Санжар Мұсаев, Ильфат Абділлин және Дәулеткелді Жаңбырбай қатысты.
Бекболат Тлеухан - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2018
Спорт
"Аты бар, заты жоқ". Бекболат Тілеухан садақ ата алмаған батырларды сынады
Жаңалықтар
0