НАТО мен Еуроодақ Украинаға әскери техника жөнелтеді

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Польша шекарасы арқылы Украинаға күн сайын батыс қару-жарағы тиелген пойыз бен автомобиль легі кетіп жатыр, деп жазды РИА Новости.
Бірақ мұны іске асыру оңай болмайды.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Еуропадағы Украина босқындарының тағдыры не болмақ
НАТО Украина Қарулы күштерінен қаражат аяп жатқан жоқ. Алдағы күндері АҚШ 800 миллион долларды құрайтын ірі әскери көмек пакетінің аясында қару-жарақ жеткізуді бастайды. Оның қатарында атыс қарулары, танкке қарсы және жылжымалы зениттік жүйелер, батареяға қарсы радарлар, оқ-дәрі, жеке қорғаныс құралдары бар.
Вашингтон бұған дейін де біршама әскери техника жеткізген. Осы жолы ассортиментті кеңейтіп отыр. The Wall Street Journal америкалық газеті Пентагондағы ақпарат көзіне хабарлағандай, Киевке алғаш рет ауыр техника жеткізіледі. Әзірше бұл Варшава келісіміне қол қойған елдердің күзетінде тұрған және украин мамандарына жақсы таныс кеңестік әуе шабуылына қарсы қорғаныс кешендері болып отыр. Ондаған жыл ішінде америкалықтар "Оса", "Тор-М2", "Бук", С-300В зениттік зымыран кешенінің үлкен топтамасын жинап алды.
"АҚШ одақтастарын заманауи әуе абуылына қарсы қорғаныс жүйелерімен де көмектесуге үгіттеп отыр. Мысалы, Түркиядан Киевке ресейлік өндіріске жататын С-400 зениттік зымыран жүйесін беруді сұрады. Бірақ Анкара Ресеймен де, Украинамен де қарым-қатынасты бұзғысы келмегендіктен, бұл ұсыныстан бас тартты", - деп жазылған материалда.
Украина Қарулы күштерін Еуроодақ та белсенді қаруландырып, бұл мақсатқа әлемнің Еуропа қорынан миллиард еуро бөлді. Германия бундесвер қорынан екі мың Panzerfaust гранатомет жөнелтуді жоспарлап отыр. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Еуроодақ, G7 және НАТО саммиті қарсаңында танкке қарсы алты мың NLAW және Javelin зымыран кешенін жөнелтетіні туралы хабарлады. Бұған дейін Лондон шамамен төрт мың танкке қарсы басқарылатын зымыран жөнелткен болатын.
Алайда жергілікті БАҚ бұл британ армиясындағы осы техниканың тапшылығына алып келуі ықтимал екенін жазды. Ресей осы жағдайларға қатысты мәлімдеме жасады. Мысалы, РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украина аумағына келген кез келген әскери жүк заңды нысана ретінде қарастырылатынын ескертті. Ал Ресей армиясы елдің батыс бөлігіне соққы жасай алатынына ешкім күмәнданбауы керек. Өйткені наурызда қанатты зымырандар соққы жасаған Львов ауданындағы Яворов полигоны Польша-Украина шекарасынан небәрі 25 шақырым қашықтықта орналасқан.
"Біздің барлау қызметіміз жасырын қойма немесе жүк тасымалы легін анықтаса, біз тез арада оның көзін жоямыз. Батыс елдері мұны жете түсінулері керек", - деді әскери сарапшы Алексей Леонков.
Қоғам
Қазақстанның әуе компанияларына Украинаның үстінен ұшуға тыйым салынды
Украина президенті Владимир Зеленский бұл жағдайда қару-жарақпен қамтамасыз ету жеткіліксіз екенін айтты. Ол Киевке ешқандай шектеусіз көмек қажет деп мәлімдеді. Ол НАТО саммитінде альянсты өз танктері мен ұшақтарының бір процентін Украинамен бөлісуге шақырды. Мұның орындалуы екіталай. Украин танкистері мен ұшқыштары батыс техникасын игере алмайды. Ал НАТО экипаж жөнелтуге бел байламайды. Өйткені бұл Ресеймен тікелей әскери қақтығысты аңғартатын еді.
"Ресей қорғаныс министрлігінің есебі бойынша, қазірдің өзінде 1 572 танк пен басқа да броньдалған машинаның көзі жойылды. The Military Balance жариялаған жылсайынғы аналитикалық баяндамада 24 ақпанға дейін Украинада шамамен 2 400 танк, брондалған машина мен броньді тасымалдаушы техника болған", - деп жазылған материалда.
Артиллерия да үлкен шығынға ұшырады: 160 жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйе, 633 зеңбірек пен миномет. Сонымен қатар 320 зениттік зымыран кешенінің 189-ы қиратылды. Бүтін қалған зениттік зымыран кешенінің басым бөлігі соғыс жүргізуге жарамсыз.
РИА Новостиде жазылғандай, бүгінде Украина әскери-әуе күштерінің іс-қимылы тоқтап қалды. 215 ұшақ пен тікұшақтың 184-і енді ешқашан әуеге көтерілмейді. Сонымен қатар Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс техникасы мен әскери-ғарыш күштері аспандағы түрлі мақсаттағы 246 пилотсыз ұшақты, оның ішінде түріктердің TB2 "Байрактарын" атып түсірді.