Елорда тынысы

Елордада вакциналау пунктінің біразы жабылды: екпені қай жерде алуға болады

Қазіргі күні қалада үш вакциналау пункті жұмыс істеп тұр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты елордада сауда орталықтарындағы вакциналау пунктерінің бір бөлігі қызметін тоқтатты. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Қазіргі уақытта вакциналау пунктері "Абу Даби Плаза" сауда орталығында және "Нұрлы жол" теміржол вокзалында, сондай-ақ 26 емханада орналасқан.
Елорданың денсаулық сақтау басқармасы қала тұрғындарының ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға қосқан үлесін, сондай-ақ азаматтарды иммундау жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Басқарма хабарлауынша, коммерциялық орындарда 160 мыңнан астам қала тұрғыны екпе алды.
Денсаулық
Қазақстан ревакцинация үшін Pfizer вакцинасын қосымша сатып алмақ