Елорда тынысы

Елордада вакциналау пунктінің біразы жабылды: екпені қай жерде алуға болады

© AFP 2024 / CHRISTOF STACHEвакцина
вакцина - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2022
Жазылу
Қазіргі күні қалада үш вакциналау пункті жұмыс істеп тұр
НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты елордада сауда орталықтарындағы вакциналау пунктерінің бір бөлігі қызметін тоқтатты. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Қазіргі уақытта вакциналау пунктері "Абу Даби Плаза" сауда орталығында және "Нұрлы жол" теміржол вокзалында, сондай-ақ 26 емханада орналасқан.
Елорданың денсаулық сақтау басқармасы қала тұрғындарының ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға қосқан үлесін, сондай-ақ азаматтарды иммундау жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Басқарма хабарлауынша, коммерциялық орындарда 160 мыңнан астам қала тұрғыны екпе алды.
Шприцы с вакциной от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2022
Денсаулық
Қазақстан ревакцинация үшін Pfizer вакцинасын қосымша сатып алмақ
Жаңалықтар
0