Бас прокуратура желіде арандатушылардың көбеюіне байланысты үндеу жасады

Әлеуметтік желілердің кейбір пайдаланушылары еліміздің аумақтық тұтастығына қатысты сепаратистік үндеулер жариялап жатыр, деді Дембаев
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстанның Бас прокуратурасы әлеуметтік желіде арандататын пікірқалдырып, материал жариялау, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында ұрысқа қатысуқылмыс екенін ескертті.
Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаевтың айтуынша, 2022 жылдың ақпан айынан бастап бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысты материалдар белсенді жарияланып жатыр.
"Олардың кейбірі Қазақстан азаматтарын осы жанжалға қатысуға шақырады, ұлттық араздықты қоздыратын, екі тараптың да азаматтарының ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын мәлімдемелер мен жалған ақпарат таратып, қасақана арандатуда. Бұдан бөлек, әлеуметтік желілердің кейбір пайдаланушылары, соның ішінде Қазақстан азаматтары болып жатқан оқиғаларға жария түрде түсіндірме бере отырып, еліміздің аумақтық тұтастығына қатысты сепаратистік үндеулер жариялап жатыр", - делінген хабарламада.
​Ол мұндай әрекеттерге Қазақстан Конституциясымен, біздің еліміз қатысатын жалпыға танылған халықаралық-құқықтық құжаттармен тыйым салынғанын ескертті. Сонымен қатар осындай арандатушылық мәлімдемелер мен үндеулерге бой алдырмауға шақырды.
"Қазақстан азаматының шет мемлекет аумағындағы соғыс қимылдарына қасақана қатысуы, сол сияқты ұлттық алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана іс-әрекеттер, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, Қазақстанның тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуға жария түрде шақыру қылмыстық әрекет болып саналады (Қылмыстық кодекстің 172, 174, 180-баптары) және 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соқтырады", - деп атап өтті бас прокурордың орынбасары.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, елеулі зиян келтіру қаупін туғызатын жалған ақпарат таратқан үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Елорда тынысы
"Ертең қызық болады": Нұр-Сұлтанда желіні дүрліктірген фотоның авторы ұсталды