Ақтөбе әуежайы жұмысын қайта бастады

Алғашқы рейсті Qazaq Air әуекомпаниясы орындайды
Sputnik
АЛМАТЫ, 28 наурыз – Sputnik. Ақтөбе әуежайы жолаушылар үшін қайта ашылды, ұшу-қону жолағының жабылғаны туралы хабарлама күшін жойды.
Бірінші рейсті Qazaq Air әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан – Ақтөбе бағыты бойынша орындайды, деп хабарлады Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметі.
"Авиабилеттерді айырбастау, қайтару, ұшу уақытын ауыстыру бойынша барлық сауал бойынша билетті сатып алған жерге хабарласу керек", - делінген хабарламада.
Бұған дейін азаматтық авиация комитеті 17 наурыздан бастап Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағы жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін жабылатынын жариялады.
Тексеріс кезінде әуежайының ұшу-қону жолағында түрлі ақаулар мен жарықшақтар анықталды. Сондықтан оны пайдалануды уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды.
Ақтөбе әуежайының басшылығы Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің әуе айлағын уақытша жабу туралы шешіміне келіспеді. Әуежайда ұшу-қону жолағы қанағаттанарлық жағдайда деп мәлімдеді.
Оқиға
Air Astana ұшағы неге Нұр-Сұлтан әуежайына қайта оралғаны белгілі болды