https://sputnik.kz/20220327/air-astana-ushaq-auezhay-23768249.html
Air Astana ұшағы неге Нұр-Сұлтан әуежайына қайта оралғаны белгілі болды
Air Astana ұшағы неге Нұр-Сұлтан әуежайына қайта оралғаны белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Авиатасымалдаушы әуе кемесінің герметикасына ешқандай қауіп төнбегенін айтты. Экипаж жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нұсқаулыққа сәйкес әрекет... 27.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-27T16:16+0500
2022-03-27T16:16+0500
2023-08-10T17:00+0500
оқиға
әуежай
астана
air astana
https://sputnik.kz/img/97/85/978563_0:58:3627:2098_1920x0_80_0_0_cb01c0485f8332fafc5421239af6ab6b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз — Sputnik. Air Astana әуе компаниясы Нұр-Сұлтан – Алматы бағыты бойынша ұшқан КС 622 рейсінің ұшағы елорда әуежайына қайтуына не себеп болғанын айтты. Әуе компаниясының баспасөз қызметі ұсынған дерек бойынша, Airbus А321 бортында қозғалтқыштың әуеде іске қосу клапанының бірі істен шыққаны туралы сигнал қосылған. Air Astana ұшақ төмендеген кезде салонда герметикаға қауіп төндіретін жағдай болмағанын және оттегі максаларын қолдану қажеттілігі туындамағанын айтты.Экипаж жолаушыларға Нұр-Сұлтандағы әуежайға қайта оралатыны туралы ескерткен. Қону штаттық режимде жүргізілген.Еске салсақ, әуе кемесі Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына таңғы 08:32-де сәтті қонды. Бортта 158 жолаушы мен экипаж мүшелері болған. Жолаушылар сағат 12:15-тегі басқа ұшақпен ұшып кетті. Осы факті бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі авиациялық оқиғаларды тергеу басқармасы тергеу жүргізетін болады.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/97/85/978563_0:0:3365:2524_1920x0_80_0_0_9d50b4a7600a98b9b6c061db3bb4e727.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әуежай, астана, air astana
әуежай, астана, air astana
Air Astana ұшағы неге Нұр-Сұлтан әуежайына қайта оралғаны белгілі болды
16:16 27.03.2022 (жаңартылды: 17:00 10.08.2023) Авиатасымалдаушы әуе кемесінің герметикасына ешқандай қауіп төнбегенін айтты. Экипаж жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нұсқаулыққа сәйкес әрекет еткен
НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз — Sputnik. Air Astana әуе компаниясы Нұр-Сұлтан – Алматы бағыты бойынша ұшқан КС 622 рейсінің ұшағы елорда әуежайына қайтуына не себеп болғанын айтты.
Әуе компаниясының баспасөз қызметі ұсынған дерек бойынша, Airbus А321 бортында қозғалтқыштың әуеде іске қосу клапанының бірі істен шыққаны туралы сигнал қосылған.
"Осы сигналды жою үшін экипаж нұсқаулыққа сәйкес әрекет етіп, желдету жүйесіне арналған ауа толтыру қызметін сөндірді. Ұшақты төмендете бастағаннан кейін экипаж қосымша тартқыш қондырғы мен желдету жүйесіне арналған ауа жинаудың қосымша қызметін қосты", - деп хабарлады компанияда.
Air Astana ұшақ төмендеген кезде салонда герметикаға қауіп төндіретін жағдай болмағанын және оттегі максаларын қолдану қажеттілігі туындамағанын айтты.
Экипаж жолаушыларға Нұр-Сұлтандағы әуежайға қайта оралатыны туралы ескерткен. Қону штаттық режимде жүргізілген.
Еске салсақ, әуе кемесі Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына таңғы 08:32-де сәтті қонды. Бортта 158 жолаушы мен экипаж мүшелері болған. Жолаушылар сағат 12:15-тегі басқа ұшақпен ұшып кетті.
Осы факті бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі авиациялық оқиғаларды тергеу басқармасы тергеу жүргізетін болады.