НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматыдағы Оқушылар сарайына сыйлық ретінде жаңа автобус берілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұл автобуспен балалар түрлі байқау, жарыс пен фестивальдерге барады.
Автобус барлық талапқа сай. Алыс сапарға шығуға ыңғайлы екені айтылған. Ауаны баптау және жылыту жүйелері бар. Одан бөлек, төрт бейнебақылау камерасымен, аялдама туралы жүргізушіні хабардар ету батырмасымен, ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған пандус және басқа да құрылғылармен жабдықталған.
Сондай-ақ, Оқушылар сарайына сапары барысында президент Алматы әкімдігіне 2023 жылдың 15 желтоқсанына дейін Оқушылар сарайының обсерваториясын жаңғырту аясында заманауи кәсіби телескоп орнатуды тапсырды.