НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Ресейдің либералды-демократиялық партиясының төрағасы Владимир Жириновксий қайтыс болды, деп хабарлады Mash Telegram-арнасы.
Саясаткер бүгін таңғы сағат 10:45-те көз жұмды. Бұған дейін SHOT Telegram-арнасы Жириновскийде сепсистік шок болғанын жазды. Сондай-ақ бір өкпесі жұмыс істемей қалған.
Алайда ЛДПР өкілдері құпия ақпарат көздеріне сенбеуге шақырды. Себебі бұның барлығы – өсек-аян және спекуляция.
Айта кетері, ресейлік саясаткер Владимир Жириновский ақпан айының басында ауруханаға екіжақты пневмониямен түсті. Бұл дертті коронавирустың омикрон штамы қоздырып жіберген.