https://sputnik.kz/20220325/memlekettik-duma-spikeri-zhirinovski-23734874.html
Мемлекеттік дума спикері Жириновскийдің өлімін жоққа шығарды
Мемлекеттік дума спикері Жириновскийдің өлімін жоққа шығарды
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін Владимир Жириновскийдің қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған болатын 25.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-25T14:11+0500
2022-03-25T14:11+0500
2022-03-25T14:38+0500
владимир жириновский
https://sputnik.kz/img/03/34/033471_0:256:2444:1631_1920x0_80_0_0_c6aaced616c762d82f530134fbfa847f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. РФ Мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володин Владимир Жириновскийдің өлімін жоққа шығарды.Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, Жириновскийдің жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр. Бұған дейін Ресейдің либералды-демократиялық партиясының төрағасы Владимир Жириновскийдің қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған болатын. Айта кетері, ресейлік саясаткер Владимир Жириноский ақпан айының басында ауруханаға екіжақты пневмониямен түсті. Дертті коронавирустың омикрон штамы қоздырып жіберген.
https://sputnik.kz/20220325/vladimir-zhirinovskiy-qaytys-boldy-23733686.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/03/34/033471_63:0:2444:1786_1920x0_80_0_0_fbef7eeee4d8883a6aea58d152078839.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
владимир жириновский
Мемлекеттік дума спикері Жириновскийдің өлімін жоққа шығарды
14:11 25.03.2022 (жаңартылды: 14:38 25.03.2022) Бұған дейін Владимир Жириновскийдің қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. РФ Мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володин Владимир Жириновскийдің өлімін жоққа шығарды.
"Владимир Вольфовичтің денсаулығы үшін алаңдап жатқандарды жұбатқым келіп отыр. Ол кісі тірі. Жағдайы, шынымен де, ауыр. Бүгін оған КТ жасаған. Біз ол үшін алаңдап отырмыз. Дәрігерлер барын салып, күресіп жатыр. Тезірек сауығып кетуін тілейік", - деп жазды Володин телеграм-парақшасында.
Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, Жириновскийдің жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.
Бұған дейін Ресейдің либералды-демократиялық партиясының төрағасы Владимир Жириновскийдің
қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Айта кетері, ресейлік саясаткер Владимир Жириноский ақпан айының басында ауруханаға екіжақты пневмониямен түсті. Дертті коронавирустың омикрон штамы қоздырып жіберген.