Өңірлер

Павлодар облысында жоғалып кеткен балықшылар табылды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Павлодар облысы Ақтоғай ауданында құтқарушылар жоғалған екі балықшыны құтқарды.
23 наурыз түнгі он бір шамасында Павлодар облысы ТЖ департаментінің "112" пультіне Ақтоғай ауданы Қараоба ауылында Ертіс өзені алқабында балықшылар жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.
Оларды іздеуге Ақтоғай ауданы №15 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 5 адам, жергілікті атқарушы органнан екі адам және "102" қызметінен 1 адам шықты.
"Іздестіру жұмыстары барысында Қараоба ауылынан 12 шақырым жерде Ертіс өзені алқабында 1981 және 1963 жылғы екі балықшы табылды", - деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.
Құтқарушылар Қайыр Бейнбет пен Айдос Сапарғалиев балықшыларға автокөлікке дейін жетуге көмектесті.
Азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Оқиға
Шығыс Қазақстанда балықшылар мұздың астына түсіп кетті: біреуі көз жұмды