Өңірлер

Павлодар облысында жоғалып кеткен балықшылар табылды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуҚысқы балық аулау
Қысқы балық аулау - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Павлодар облысы Ақтоғай ауданында құтқарушылар жоғалған екі балықшыны құтқарды.
23 наурыз түнгі он бір шамасында Павлодар облысы ТЖ департаментінің "112" пультіне Ақтоғай ауданы Қараоба ауылында Ертіс өзені алқабында балықшылар жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.
Оларды іздеуге Ақтоғай ауданы №15 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 5 адам, жергілікті атқарушы органнан екі адам және "102" қызметінен 1 адам шықты.
"Іздестіру жұмыстары барысында Қараоба ауылынан 12 шақырым жерде Ертіс өзені алқабында 1981 және 1963 жылғы екі балықшы табылды", - деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.
Құтқарушылар Қайыр Бейнбет пен Айдос Сапарғалиев балықшыларға автокөлікке дейін жетуге көмектесті.
Азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Рыбаки на льдине. Фото с места события - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2021
Оқиға
Шығыс Қазақстанда балықшылар мұздың астына түсіп кетті: біреуі көз жұмды
Жаңалықтар
0