Оқиға

Ақмола облысында мұнара құлап, тұрғындар сусыз қалды

Мамандар мұнараның одан әрі пайдалануға жарамдылығын анықтайды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз — Sputnik. Ақмола облысының Макинка ауылында қатты жел салдарынан су мұнарасы құлады, деп хабарлайды "Хабар 24".
Бір жарым мыңға жуық тұрғын сусыз қалды. Су тасымалдау ұйымдастырылған. Мамандар жұмыс істеп жатқаны хабарланды. Олар мұнараның одан әрі пайдалануға жарамдылығын анықтайды.
"Макинка тұрғындарын сумен қамту туралы айтар болсақ, бүгін су таситын екі көлік жүрді жүрді. Халық тапсырысы бойынша су жеткізді. Таңертең де сол қарқынмен жұмысты жалғастырамыз. Мамандар нақты шешім шығаруы керек. Себебі егер астындағы іргетас қозғалса, онда мұнараны бұзып, жаңасын орнату қажет", - деді Макинка ауылының әкімі Жанат Көшкімбаев.
Өңірлер
Павлодар облысында әйел екі қызын 3 күн ас-сусыз қалдырды