Ресей вице-премьері Каспий құбыр желісіндегі апат салдары туралы айтты

Қара теңіздегі жойқын дауыл айлақ жұмысының ақауына алып келген
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз – Sputnik. Каспий құбыр желісі консорциумы айлақтарының зақымдалуы әлемдік мұнай нарығына айтарлықтай әсер етуі мүмкін, деп санайды РФ вице-премьері Александр Новак. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Мамандардың бағалауы бойынша, айлақтарды қалпына келтіруге біршама уақыт жұмсалады. Әріптестерімнің айтуынша, шамамен бір жарым-екі ай. Осы уақыт аралығында айтарлықтай мұнай көлемі әлем нарығына жеткізілмеуі мүмкін. Бұл өз кезегінде мұнай нарығына елеулі әсер етеді", - деді ол мемлекеттік думада өткен үкімет сағатында.
"Бұл консорциумды шетелдік инвесторлар, мысалы, Chevron сынды шетелдік компаниялар басқарып отыр. Сондықтан техникалық қызмет көрсетуді де шетелдік компания қамтамасыз етеді. Біз өз тарапымыздан айлақты қалпына келтіруге және Новороссийсктегі мұнай жөнелтуді реттеуге қолдау көрсетіп жатырмыз", - деді ол.
Дүйсенбіде Каспий құбыр желісі консорциумы жөндеу жүргізу үшін айлақтағы құрылғыны уақытша істен шығаратынын хабарлады. Оның ақауына Қара теңіздегі жойқын дауыл себеп болған. Қалған екі айлақта тексеру жүргізу нәтижесінде консорциум тағы бір құрылғыны тоқтатуға мәжбүр болды.
Осылайша, үш айлақтың екеуі істен шығуына байланысты мұнай тасымалдау көлемі жақын уақытта үш есе қысқаруы мүмкін.
Экономика
Каспий құбыр желісіндегі апат: Қазақстан мұнай экспортының басқа бағытын қарастырып жатыр