https://sputnik.kz/20220323/resey-vitse-premeri-kaspiy-qubyr-23688607.html
Ресей вице-премьері Каспий құбыр желісіндегі апат салдары туралы айтты
Ресей вице-премьері Каспий құбыр желісіндегі апат салдары туралы айтты
Sputnik Қазақстан
Қара теңіздегі жойқын дауыл айлақ жұмысының ақауына алып келген 23.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-23T16:54+0500
2022-03-23T16:54+0500
2022-03-23T16:54+0500
ресей
құбыр
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18664675_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_7991b1836088d220843e09fbf2ce0a3c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз – Sputnik. Каспий құбыр желісі консорциумы айлақтарының зақымдалуы әлемдік мұнай нарығына айтарлықтай әсер етуі мүмкін, деп санайды РФ вице-премьері Александр Новак. Бұл туралы РИА Новости жазды. "Мамандардың бағалауы бойынша, айлақтарды қалпына келтіруге біршама уақыт жұмсалады. Әріптестерімнің айтуынша, шамамен бір жарым-екі ай. Осы уақыт аралығында айтарлықтай мұнай көлемі әлем нарығына жеткізілмеуі мүмкін. Бұл өз кезегінде мұнай нарығына елеулі әсер етеді", - деді ол мемлекеттік думада өткен үкімет сағатында. Дүйсенбіде Каспий құбыр желісі консорциумы жөндеу жүргізу үшін айлақтағы құрылғыны уақытша істен шығаратынын хабарлады. Оның ақауына Қара теңіздегі жойқын дауыл себеп болған. Қалған екі айлақта тексеру жүргізу нәтижесінде консорциум тағы бір құрылғыны тоқтатуға мәжбүр болды.Осылайша, үш айлақтың екеуі істен шығуына байланысты мұнай тасымалдау көлемі жақын уақытта үш есе қысқаруы мүмкін.
https://sputnik.kz/20220323/kaspiy-qubyr-zhelisin-apat-qazaqstan-munay-eksporty-23685089.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18664675_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_42fd1b055ed5825ddf42bbfecfb32e25.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, құбыр
Ресей вице-премьері Каспий құбыр желісіндегі апат салдары туралы айтты
Қара теңіздегі жойқын дауыл айлақ жұмысының ақауына алып келген
НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз – Sputnik. Каспий құбыр желісі консорциумы айлақтарының зақымдалуы әлемдік мұнай нарығына айтарлықтай әсер етуі мүмкін, деп санайды РФ вице-премьері Александр Новак. Бұл туралы
РИА Новости жазды.
"Мамандардың бағалауы бойынша, айлақтарды қалпына келтіруге біршама уақыт жұмсалады. Әріптестерімнің айтуынша, шамамен бір жарым-екі ай. Осы уақыт аралығында айтарлықтай мұнай көлемі әлем нарығына жеткізілмеуі мүмкін. Бұл өз кезегінде мұнай нарығына елеулі әсер етеді", - деді ол мемлекеттік думада өткен үкімет сағатында.
"Бұл консорциумды шетелдік инвесторлар, мысалы, Chevron сынды шетелдік компаниялар басқарып отыр. Сондықтан техникалық қызмет көрсетуді де шетелдік компания қамтамасыз етеді. Біз өз тарапымыздан айлақты қалпына келтіруге және Новороссийсктегі мұнай жөнелтуді реттеуге қолдау көрсетіп жатырмыз", - деді ол.
Дүйсенбіде Каспий құбыр желісі консорциумы жөндеу жүргізу үшін айлақтағы құрылғыны уақытша істен шығаратынын хабарлады. Оның ақауына Қара теңіздегі жойқын дауыл себеп болған. Қалған екі айлақта тексеру жүргізу нәтижесінде консорциум тағы бір құрылғыны тоқтатуға мәжбүр болды.
Осылайша, үш айлақтың екеуі істен шығуына байланысты мұнай тасымалдау көлемі жақын уақытта үш есе қысқаруы мүмкін.