Әлем

Ресей газ жеткізгені үшін тек рубльмен есеп айырыспақ

Көрші ел қысқа мерзімде төлемді рубльге аудару бойынша шаралар кешенін жүзеге асырады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз - Sputnik. Ресей қарым-қатынасы бұзылған елдерге газ жеткізу үшін төлемдерді рубльге аударады.
Ресей тауарларын ЕО мен АҚШ-қа жеткізіп, ақыны олардың валютасымен алудың мәні жоқ, деді Ресей президенті Владимир Путин Ресей үкіметінің мүшелерімен кездесу барысында.
"Біздің тауарларымызды Еуропалық одаққа, Америка құрама штаттарына жеткізіп, ақыны доллар немесе евромен алу біз үшін мәнсіз. Сондықтан мен қысқа мерзімде төлемді рубльге аудару бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру туралы шешім қабылдадым", - деді көрші ел президенті.
Оның айтуынша, байланысы үзілген елдерге табиғи газ жеткізу үшін ақы рубльмен алынбақ. Осылайша, Ресей дос емес елдермен есеп айырысуда өз валютасынан өзгесінен бас тартады.
Экономика
Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге ықпалына қатысты мәлімдеме жасады