https://sputnik.kz/20220227/ulttyq-bank-rubl-bagamy-tenge-23142042.html
Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге ықпалына қатысты мәлімдеме жасады
Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге ықпалына қатысты мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Ұлттық Банк елдердің ресми мәлімдемелерін қадағалап, Ресейге қарсы жаңа санкциялардың Қазақстанның қаржы жүйесіне ықпал ету дәрежесін бағалап отыр 27.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-27T18:57+0500
2022-02-27T18:57+0500
2022-02-27T18:58+0500
экономика
теңге
ұлттық банк
рубль
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744234_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_6191bde229906ff6e34663640f5503f7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан — Sputnik. Рубльдің шамадан тыс ауытқуының теңгеге негізсіз ықпал етуін төмендету үшін Ұлттық Банк қажет болған жағдайда валюталық интервенциялар жүргізеді.Ұлттық банктің болжамы бойынша алдағы күндері Ресей рублінің бағамы айтарлықтай құбылады және көп жағдайда нарық ықпалына және тәуекел-сентименттің өзгеруіне ұшырап, аз дәрежеде іргелі факторларды көрсететін болады.Бұл ретте теңгенің икемді бағамы алтын-валюта активтерінің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Транспаренттілік қағидаты аясында Ұлттық Банк жүргізілген операциялардың көлемін жариялайды.26 ақпанда Ақ үй Еуропалық комиссия, Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания, Канада және АҚШ көшбасшыларының Ресейге қатысты бұдан былайғы шектеулі экономикалық шаралар туралы бірлескен мәлімдемесін жариялады. Атап айтқанда, Ресейдің жекелеген банктерін SWIFT жүйесінен шығару және басқа шектеу шараларын енгізуді көздейді.Сонымен қоса, S&P Global Ratings рейтинг агенттігі халықаралық санкциялар енгізілгеннен кейін Ресейдің ұзақ мерзімді рейтингін инвестициялық емес рейтинг деңгейіне (BB+) дейін төмендетті.
https://sputnik.kz/20220224/tenge-quldyray-ekonomist-bolzham-23058586.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744234_487:0:2736:1687_1920x0_80_0_0_786ad5a49225301011f5eb053c9ed207.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теңге, ұлттық банк, рубль
теңге, ұлттық банк, рубль
Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге ықпалына қатысты мәлімдеме жасады
18:57 27.02.2022 (жаңартылды: 18:58 27.02.2022) Ұлттық Банк елдердің ресми мәлімдемелерін қадағалап, Ресейге қарсы жаңа санкциялардың Қазақстанның қаржы жүйесіне ықпал ету дәрежесін бағалап отыр
НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан — Sputnik. Рубльдің шамадан тыс ауытқуының теңгеге негізсіз ықпал етуін төмендету үшін Ұлттық Банк қажет болған жағдайда валюталық интервенциялар жүргізеді.
Ұлттық банктің болжамы бойынша алдағы күндері Ресей рублінің бағамы айтарлықтай құбылады және көп жағдайда нарық ықпалына және тәуекел-сентименттің өзгеруіне ұшырап, аз дәрежеде іргелі факторларды көрсететін болады.
"Рубльдің шамадан тыс ауытқуының теңгеге негізсіз ықпал етуін төмендету үшін Ұлттық Банк қажет болған жағдайда валюталық интервенциялар жүргізеді. Мұндай интервенциялардың көлемі мен жиілігі ішкі валюта нарығындағы жағдайға байланысты болады", - деп мәлімдеді Ұлттық банк.
Бұл ретте теңгенің икемді бағамы алтын-валюта активтерінің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Транспаренттілік қағидаты аясында Ұлттық Банк жүргізілген операциялардың көлемін жариялайды.
26 ақпанда Ақ үй Еуропалық комиссия, Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания, Канада және АҚШ көшбасшыларының Ресейге қатысты бұдан былайғы шектеулі экономикалық шаралар туралы бірлескен мәлімдемесін жариялады. Атап айтқанда, Ресейдің жекелеген банктерін SWIFT жүйесінен шығару және басқа шектеу шараларын енгізуді көздейді.
Сонымен қоса, S&P Global Ratings рейтинг агенттігі халықаралық санкциялар енгізілгеннен кейін Ресейдің ұзақ мерзімді рейтингін инвестициялық емес рейтинг деңгейіне (BB+) дейін төмендетті.