Махаббат үшін мидың қай бөлігі жауап беретіні анықталды

Ғалымдардың зерттеуіне сүйіктісі бар 46 ер адам қатысқан
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз — Sputnik. Жапония ғалымдары ғашықтық сезімімен байланысты нейрондар тобын анықтады, деп жазды "Газета ru".
Махаббат ортаалығы іргелес ядрода – ынталандыру жүйесінің маңызды бөлігінде орналасқаны анықталды. Ләззат пен тәуелділікке байланысты дәл осы тұс ер адам сүйіктісінің суретіне қараған кезде белсенді болады, деп жазылған ғылыми зерттеуде.
Алдыңғы зерттеулер сүйкімді адамдарға деген қызығушылық мидың белгілі бір аумағын, соның ішінде, іргелес ядроны іске қосатынын анықтады. Киото университетінің ғалымдары оның эмоциялық тәуелділіктегі рөлін зерттеді.
Іргелес ядро – миды ынталандыру, тәуелділікті қалыптастыру, ләззат алу, күлу, қорқу, ашулану кезінде маңызды рөлге ие нейрондар тобы.
Зерттеуге сүйіктісі бар 20-29 жас аралығындағы қырық алты ер адам қатысқан. Ғалымдар сынаққа қатысатындардың ми белсенділігін тіркеу үшін функционалды магниттік-резонансты томографияны қолданды. Бұл "ғашық ер адамдар" ойлайтын тапсырмаларды орындау кезінде қосылған. Дұрыс жауап берген кезде қатысушылардың бір бөлігіне сүйіктілерінің суреті, екінші бөлігіне сымбатты, бірақ бейтаныс әйелдің суреті көрсетілген.
Ғалымдар бірінші топтағылардың іргелес ядросында ерекше белсенділікті анықтаған. Ол сүйііктілері күліп тұрған сурет пайда болған кезде тіркелген.
"Біздің зерттеу қарым-қатынасты сақтау негізінде жатқан нейронды механизмдерді ашатын эмпириялық мәліметтерді анықтады. Сүйіктісі туралы нейронды елестетулер тұрақты романтикалық қарым-қатынаспен байланысты деп ойлаймыз", - деді ғалымдардың бірі Рюхэй Уэда.
Әлем
Жарты жыл көңіл қосқан ғашықтар үйленер кезде туыс екендерін білді