https://sputnik.kz/20220323/makhabbat-midyn-boligi-23686815.html
Махаббат үшін мидың қай бөлігі жауап беретіні анықталды
Махаббат үшін мидың қай бөлігі жауап беретіні анықталды
Sputnik Қазақстан
Ғалымдардың зерттеуіне сүйіктісі бар 46 ер адам қатысқан 23.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-23T15:05+0500
2022-03-23T15:05+0500
2022-03-23T15:12+0500
ми
махаббат
https://sputnik.kz/img/07e5/04/1b/16899326_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_46abc27ca9e9fc0dbf573d9ee09536ab.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз — Sputnik. Жапония ғалымдары ғашықтық сезімімен байланысты нейрондар тобын анықтады, деп жазды "Газета ru". Махаббат ортаалығы іргелес ядрода – ынталандыру жүйесінің маңызды бөлігінде орналасқаны анықталды. Ләззат пен тәуелділікке байланысты дәл осы тұс ер адам сүйіктісінің суретіне қараған кезде белсенді болады, деп жазылған ғылыми зерттеуде. Алдыңғы зерттеулер сүйкімді адамдарға деген қызығушылық мидың белгілі бір аумағын, соның ішінде, іргелес ядроны іске қосатынын анықтады. Киото университетінің ғалымдары оның эмоциялық тәуелділіктегі рөлін зерттеді.Іргелес ядро – миды ынталандыру, тәуелділікті қалыптастыру, ләззат алу, күлу, қорқу, ашулану кезінде маңызды рөлге ие нейрондар тобы.Зерттеуге сүйіктісі бар 20-29 жас аралығындағы қырық алты ер адам қатысқан. Ғалымдар сынаққа қатысатындардың ми белсенділігін тіркеу үшін функционалды магниттік-резонансты томографияны қолданды. Бұл "ғашық ер адамдар" ойлайтын тапсырмаларды орындау кезінде қосылған. Дұрыс жауап берген кезде қатысушылардың бір бөлігіне сүйіктілерінің суреті, екінші бөлігіне сымбатты, бірақ бейтаныс әйелдің суреті көрсетілген. Ғалымдар бірінші топтағылардың іргелес ядросында ерекше белсенділікті анықтаған. Ол сүйііктілері күліп тұрған сурет пайда болған кезде тіркелген. "Біздің зерттеу қарым-қатынасты сақтау негізінде жатқан нейронды механизмдерді ашатын эмпириялық мәліметтерді анықтады. Сүйіктісі туралы нейронды елестетулер тұрақты романтикалық қарым-қатынаспен байланысты деп ойлаймыз", - деді ғалымдардың бірі Рюхэй Уэда.
https://sputnik.kz/20190515/qyz-jigit-tuystar-10148617.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/1b/16899326_67:0:1204:853_1920x0_80_0_0_eab948f828b094e0a80dcc726e2cbaa4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
махаббат ми любовь мозг
Махаббат үшін мидың қай бөлігі жауап беретіні анықталды
15:05 23.03.2022 (жаңартылды: 15:12 23.03.2022) Ғалымдардың зерттеуіне сүйіктісі бар 46 ер адам қатысқан
НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз — Sputnik. Жапония ғалымдары ғашықтық сезімімен байланысты нейрондар тобын анықтады, деп жазды
"Газета ru".
Махаббат ортаалығы іргелес ядрода – ынталандыру жүйесінің маңызды бөлігінде орналасқаны анықталды. Ләззат пен тәуелділікке байланысты дәл осы тұс ер адам сүйіктісінің суретіне қараған кезде белсенді болады, деп жазылған ғылыми зерттеуде.
Алдыңғы зерттеулер сүйкімді адамдарға деген қызығушылық мидың белгілі бір аумағын, соның ішінде, іргелес ядроны іске қосатынын анықтады. Киото университетінің ғалымдары оның эмоциялық тәуелділіктегі рөлін зерттеді.
Іргелес ядро – миды ынталандыру, тәуелділікті қалыптастыру, ләззат алу, күлу, қорқу, ашулану кезінде маңызды рөлге ие нейрондар тобы.
Зерттеуге сүйіктісі бар 20-29 жас аралығындағы қырық алты ер адам қатысқан. Ғалымдар сынаққа қатысатындардың ми белсенділігін тіркеу үшін функционалды магниттік-резонансты томографияны қолданды. Бұл "ғашық ер адамдар" ойлайтын тапсырмаларды орындау кезінде қосылған. Дұрыс жауап берген кезде қатысушылардың бір бөлігіне сүйіктілерінің суреті, екінші бөлігіне сымбатты, бірақ бейтаныс әйелдің суреті көрсетілген.
Ғалымдар бірінші топтағылардың іргелес ядросында ерекше белсенділікті анықтаған. Ол сүйііктілері күліп тұрған сурет пайда болған кезде тіркелген.
"Біздің зерттеу қарым-қатынасты сақтау негізінде жатқан нейронды механизмдерді ашатын эмпириялық мәліметтерді анықтады. Сүйіктісі туралы нейронды елестетулер тұрақты романтикалық қарым-қатынаспен байланысты деп ойлаймыз", - деді ғалымдардың бірі Рюхэй Уэда.