Қоғам

Әйгілі қазақстандық актер Юрий Померанцев қайтыс болды

Оның өте танымал рөлі – "Қазақфильм" 1957 жылы түсірген "Наш милый доктор" комедиясындағы дәрігер Лавров рөлі
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз — Sputnik. Әйгілі қазақстандық актер Юрий Померанцев қайтыс болды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға М. Ю. Лермонтов атындағы орыс драма театры хабарлады.
Биыл ақпан айында Юрий Померанцев 99 жасқа толды.
Юрий Померанцев – кеңес және қазақстандық театр және кино актері, режиссер, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек ері және Қазақ КСР халық әртісі.
Ол Ұлы Отан соғысына қатысқан, майданда жараланған соң 1943 жылы Алматыға эвакуациядағы анасына келген.
1943-1945 жылдары Абай атындағы опера және балет театрында хор әртісі болған, 1945-1953 жылдары - Қазақстанның балалар және жасөспірімдер театрының актері, 1953-1954 жылдары — Саратов ТЮЗ-ның актері. 1954 жылдан бастап Алматының орыс драма театрында істейді.
Киноактер ретінде дәрігер Лавров пен сатқын генерал Власовтың рөлінде танымал болды.
Юрий Померанцев сахнада өткізген 79 жылда 300-ден астам рөл ойнаған. Ол еліміздегі егде жаста театрда ойнап жүрген жалғыз актер еді. 99 жасын да сахнада атап өтті.
Юрий Померанцев - "Еңлікгүл", "Сахнагер" ұлттық театр сыйлығы және "Алтын Адам" ұлттық сыйлығының иегері.
Қоғам
Белгілі қазақстандық ғалым қайтыс болды