Тоқаев Алматыға Наурыз мейрамын тойлауға барды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Алматы қаласының "Астана" алаңында өтетін мерекелік іс-шараға қатысып, барша Қазақстан халқын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтайды.
"Наурыз мейрамына арналған іс-шара республикалық телеарналардан сағат 10:45-те тікелей эфирде көрсетіледі", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында..
Сонымен қатар президент қаладағы ғылым, білім, спорт және сауда нысандарына барады.
Қоғам
Пандемиядан кейінгі әз-Наурыз: Қазақстандықтар Ұлыстың ұлы күнін атап өтіп жатыр