https://sputnik.kz/20220321/az-nauryz-qazaqstan-atap-otip-zhatyr-23657227.html
Пандемиядан кейінгі әз-Наурыз: Қазақстандықтар Ұлыстың ұлы күнін атап өтіп жатыр
Пандемиядан кейінгі әз-Наурыз: Қазақстандықтар Ұлыстың ұлы күнін атап өтіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Биыл Наурыз мейрамында қазақстандықтар бірден бес күн демалады – 19, 20, 21, 22 және 23 наурыз 21.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-21T08:00+0500
2022-03-21T08:00+0500
2023-08-09T09:48+0500
қоғам
наурыз мейрамы
қазақстандықтар
22 наурыз
https://sputnik.kz/img/963/84/9638420_0:0:1620:912_1920x0_80_0_0_e8e0b53ed7307c80345627f4fb912a14.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз – Sputnik. Қазақстанда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы басталды. Соңғы екі жыл бойы "көктемгі жаңару" мерекесі пандемия жағдайында аталып өткен еді. Ал биыл әр өңір өз жоспарын әзірледі – халықты Наурыз мейрамына орай концерттер, спектакльдер мен мерекелік шаралар күтіп тұр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Наурыз мейрамы – Орталық Азия халықтарының Жаңа жылы. Бұл мерекенің сан ғасырлық тарихы бар.Наурызда күн мен түн теңеліп, тіршілік атаулы табиғатпен бірге оянады, жер мен көк жаңарады. Парсыша "наурыз" бірінші айдың бірінші күні деген мағынаны білдіреді. Бұл айды соғдалықтар "наусарыз", хорезмдіктер "наусарджи", армяндар "навасарди", чуваштар "норас-ойахе" деп атаған.Кеңес заманында Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынды. Ұлыстың ұлы күні тек 1990 жылдардың басында қайтадан жаңғырды. 2010 жылдан бері Наурыз мейрамы Қазақстанда үш күн – 21, 22, 23 наурыз тойланады. Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының қарарымен 2010 жылы Наурыз халықаралық мейрам мәртебесіне ие болды.Қазақстанның батысында Наурыз мерекесі 14 наурыздан басталады және "Амал" немесе "Көрісу" деп аталады. Халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен төс қағыстырып, құшақтасып амандасады. Жақсы тілектер айтып, жастар жағы үлкендерге сәлем бере барып, батасын алады.Ұлыстың ұлы күні араздасып жүрген жандар татуласып, өкпе-ренішін ұмытады. Адамдар бір-бірінің үйіне кіріп, құтты болсын айтады. Мереке қарсаңында үйінің іші мен сыртын, ауласын кір-қоқыстан тазартады. Халық арасында мейрам күндері Қыдыр ата үйлерді аралап, бақыт сыйлайды, бата береді деген наным-сенім бар.Наурыз мейрамының дәстүрлі тағамы – наурыз көже. Мереке күні ол әр шаңырақта дайындалады. Оған жеті немесе тоғыз түрлі дәм қосылады. Түркі халқының ұғымында жеті мен тоғыз – аса киелі сандар.Биыл Наурыз қалай тойланадыСоңғы екі жыл Наурыз мейрамы коронавирус пандемиясына байланысты дәстүрлі түрде аталып өткен жоқ. Халықтық серуендер, концерттер мен қойылымдар болмады. Халық мерекені өз үйінде, жақын туыстарының ортасында ғана тойлауға мәжбүр болды.Ал биыл індет басылып, карантиндік шектеулер жеңілдетілді. Осыған орай Наурыз мейрамына жалпыұлттық ауқымдағы іс-шаралар жоспарланып отыр.Мереке қарсаңында бүкіл ел бойынша жаппай ағаш отырғызу және елді мекендер мен аулалардың аумағын тазарту бойынша "Таза табиғат" республикалық акциясы басталады.23 наурызда республикада "Қайырымды ұлт" ауқымды қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Оның аясында балалар үйінің тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі балалар мен қарттар үшін көшпелі концерттер өткізілмек.Әр өңірде киіз үйлер тігіліп, Наурыз мейрамына орай концерттер, спектакльдер мен мерекелік шаралар өтеді.Сондай-ақ, биыл отбасыларда, білім беру ұйымдарында және еңбек ұжымдарында "Наурыз кәдесі", "Наурыз қоржын" сыйлықтарын тарту ету дәстүрі енгізіледі. Әсіресе, балалар аудиториясына басымдық беріледі.25 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Наурыз сыйлығы" ұлттық премиясы табысталады. Бұл премия былтырдан бері беріліп келеді.Айта кетері, биыл Наурыз мейрамында қазақстандықтар қатарынан бес күн –19, 20, 21, 22 және 23 наурыз демалады.
https://sputnik.kz/20220320/nauryz-kozhe-qalay-azirlenedi-23636681.html
https://sputnik.kz/20220320/qazaqstanda-nauryz-esimdi-qansha-adam-turady-23653240.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/963/84/9638420_104:0:1544:1080_1920x0_80_0_0_7d3d31b3367e751ff606f0646f37e4d9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
наурыз мейрамы, қазақстандықтар, 22 наурыз
наурыз мейрамы, қазақстандықтар, 22 наурыз
Пандемиядан кейінгі әз-Наурыз: Қазақстандықтар Ұлыстың ұлы күнін атап өтіп жатыр
08:00 21.03.2022 (жаңартылды: 09:48 09.08.2023) Биыл Наурыз мейрамында қазақстандықтар бірден бес күн демалады – 19, 20, 21, 22 және 23 наурыз
НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз – Sputnik. Қазақстанда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы басталды. Соңғы екі жыл бойы "көктемгі жаңару" мерекесі пандемия жағдайында аталып өткен еді. Ал биыл әр өңір өз жоспарын әзірледі – халықты Наурыз мейрамына орай концерттер, спектакльдер мен мерекелік шаралар күтіп тұр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Наурыз мейрамы – Орталық Азия халықтарының Жаңа жылы. Бұл мерекенің сан ғасырлық тарихы бар.
Наурызда күн мен түн теңеліп, тіршілік атаулы табиғатпен бірге оянады, жер мен көк жаңарады. Парсыша "наурыз" бірінші айдың бірінші күні деген мағынаны білдіреді. Бұл айды соғдалықтар "наусарыз", хорезмдіктер "наусарджи", армяндар "навасарди", чуваштар "норас-ойахе" деп атаған.
Кеңес заманында Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынды. Ұлыстың ұлы күні тек 1990 жылдардың басында қайтадан жаңғырды. 2010 жылдан бері Наурыз мейрамы Қазақстанда үш күн – 21, 22, 23 наурыз тойланады. Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының қарарымен 2010 жылы Наурыз халықаралық мейрам мәртебесіне ие болды.
Қазақстанның батысында Наурыз мерекесі 14 наурыздан басталады және "Амал" немесе "Көрісу" деп аталады. Халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен төс қағыстырып, құшақтасып амандасады. Жақсы тілектер айтып, жастар жағы үлкендерге сәлем бере барып, батасын алады.
Ұлыстың ұлы күні араздасып жүрген жандар татуласып, өкпе-ренішін ұмытады. Адамдар бір-бірінің үйіне кіріп, құтты болсын айтады. Мереке қарсаңында үйінің іші мен сыртын, ауласын кір-қоқыстан тазартады. Халық арасында мейрам күндері Қыдыр ата үйлерді аралап, бақыт сыйлайды, бата береді деген наным-сенім бар.
Наурыз мейрамының дәстүрлі тағамы – наурыз көже. Мереке күні ол әр шаңырақта дайындалады. Оған жеті немесе тоғыз түрлі дәм қосылады. Түркі халқының ұғымында жеті мен тоғыз – аса киелі сандар.
Биыл Наурыз қалай тойланады
Соңғы екі жыл Наурыз мейрамы коронавирус пандемиясына байланысты дәстүрлі түрде аталып өткен жоқ. Халықтық серуендер, концерттер мен қойылымдар болмады. Халық мерекені өз үйінде, жақын туыстарының ортасында ғана тойлауға мәжбүр болды.
Ал биыл індет басылып, карантиндік шектеулер жеңілдетілді. Осыған орай Наурыз мейрамына жалпыұлттық ауқымдағы іс-шаралар жоспарланып отыр.
Мереке қарсаңында бүкіл ел бойынша жаппай ағаш отырғызу және елді мекендер мен аулалардың аумағын тазарту бойынша "Таза табиғат" республикалық акциясы басталады.
23 наурызда республикада "Қайырымды ұлт" ауқымды қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Оның аясында балалар үйінің тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі балалар мен қарттар үшін көшпелі концерттер өткізілмек.
Әр өңірде киіз үйлер тігіліп, Наурыз мейрамына орай концерттер, спектакльдер мен мерекелік шаралар өтеді.
Сондай-ақ, биыл отбасыларда, білім беру ұйымдарында және еңбек ұжымдарында "Наурыз кәдесі", "Наурыз қоржын" сыйлықтарын тарту ету дәстүрі енгізіледі. Әсіресе, балалар аудиториясына басымдық беріледі.
25 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Наурыз сыйлығы" ұлттық премиясы табысталады. Бұл премия былтырдан бері беріліп келеді.
Айта кетері, биыл Наурыз мейрамында қазақстандықтар қатарынан бес күн –19, 20, 21, 22 және 23 наурыз демалады.