Көпсалалы операция, болжап білмейтін тактика, дәлдігі жоғары зымырандар арқылы түрлі бағытта жасалған жаппай соққы ресейлік әскерге украин территориясындағы ықпал ету аумағын қарқынды кеңейтуге, тылдағы қарсыласты қарусыздандыруға мүмкіндік беріп отыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау бойынша арнайы әскери операция барысында Ресей Қарулы күштері эшелондалған қорғаныс пен тыл логистикасын құрастыра отырып, стратегиялық нығайтылған посттарға жайғасып жатыр. Маңызды әскери нысандар, артиллериялық позициялар, стратегиялық арсеналдар, Украина Қарулы Күштерінің соғысуға әлдеқайда жарамды құрамалары, шетелдік "еріктілерді" жинау орталықтары, жанар-жағармай резервтері және Украинаның әскери-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары басым нысана болып қала береді.
Бүгін түнде Ресей Әуе күштері дәлдігі жоғары қанатты зымырандар арқылы соққы жасау кезінде Ровен облысындағы Шетелдік жалдамалы әскерилерді даярлау орталығы қиратылды. Новая Любомирка полигонындағы 80-нен астам маманның көзі жойылды. Бір уақытта қанатты зымырандар көмегімен Селец елді мекеніне жақын маңдағы Украина Қарулы Күштерінің оқ—дәрі қоймасы және механизацияланған бригада штабы қиратылды.
"Кинжал" гипердыбысты зымырандары және "Калибр" қанатты зымырандарымен 20 наурызда Житомир облысындағы Арнайы операциялар күштерінің оқу орталығындағы 100-ден астам шетелдік әскери нұсқаушы, жалдамалы әскери және украин әскери қызметшісінің көзі жойылды.
Явор полигонынан кейінгі осы екінші және үшінші сигналды, атап айтқанда Ресейдің украин жеріндегі шетелдік "еріктілер" мен "бітімгерлерге" қатысты сигналын батыс ауыр қабылдады. Николаев кеме жасау зауытына бағытталған бүгінгі соққының мақсаты құрылысы аяқталмаған "Украина" зымыран крейсерінің жанында орналасқан оқ-дәрі қоймасы болатын.
Бұған дейін Николаев облысында 79-шы десанттық-шабуыл бригадасының орналасқан жері және Константиновка жанындағы Украина Қарулы Күштерінің басты жанармай базасының көзі жойылды. Сонымен қатар, Ресейдің Қара теңіз флотындағы кемелері "Калибрлер" арқылы Чернигов облысы Нежин қаласындағы Украина Қарулы Күштерінің броньдалған техниканы жөндеу цехын қиратты.
"Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау проблемасын шешу бойынша Ресейдің гипердыбысты және стандарттан тыс әдісі нәтиже беріп жатыр. Киев айналасындағы қоршау аумағы азайып жатыр. Николаевка елді мекенінде, украин астанасынан батысқа қарай 15 километр қашықтықта ресейлік әскер Украина Қарулы Күштерінің командалық пунктін басып алды. Басқару пунктіндегі 60-тан астам украин әскериі, негізінен аға офицерлер ерікті түрде берілді. Киевтен батысқа қарай 14-ші жеке мотоатқыштар бригадасы қарсылық көрсетуді доғарды", - деп жазды әскери сарапшы.
"Азов", "Айдар" және "Донбасс" сынды украин жеріндегі құрылымдарды талқандау және Мариупольді тазалау жалғасып жатыр. "Солнцепёк" огнемет жүйесінің аппай оқ жаудыруы Ресей әуе күштерінің қанатты және гипердыбысты зымырандарының қуатын арттырып тұр. Бұл жүйе алғаш рет 20 наурызда Донбаста украин әскерилеріне қарсы қолданылды. Т-72 танкінің платформасындағы "Солнцепёк" ауқымды жару арқылы қарсыластық позициялары мен жеңіл броньдалған техникасын жоюға арналған.
Осы жағдайдың барлығын бақылап отырған және бірнеше онжылдықтан бері кеңестік және ресейлік әскерді зерттеп келген америкалық әскери аналитик әрі БҰҰ-ның қарулану жөніндегі экс-инспекторы Скотт Риттер "РФ Әуе күштері қарсыласты тырп еткізбей, маңызды әскери нысандарды жойып жатқанын, күшейтілген аудандары айналып өтіп, соғысуға қауқарлы Украина Қару күштерінің құрылымдарын қоршап алғанын" айтты. Риттер ресейлік әскердің алға жылжудағы жоғары қарқынын да атап өтті.
Ал америкалық барлау қызметінің ардагері Ребекка Коффлер ресейлік әскерилердің гипердыбысты зымырандармен соққы жасауы "геосаяси аядағы ойын ережесіп өзгертіп жатқанын" айтты. RAND әскери-аналитикалық орталығы Киевке Мәскеумен бейбіт келісімге келуді ұсынып жатыр.
Хроленконың пікірінше, АҚШ Ресеймен соғысу үшін Украина әскер жібермейтінін күнде мәлімдеп жатыр. Дегенмен, Вашингтон НАТО-ға мүше кез келген мемлекет өз бастамасымен мұндай әрекетке баруы мүмкін екенін жоққа шығармай отыр. Сондықтан Пентагон басшысы Ллойд Остин Болгарияны Украинаға көмек беруге әлі де үгіттеп жатыр.
24 наурызда Брюссельде өтетін НАТО-ның кезектен тыс саммиті қарсаңында Мәскеу Украина территориясындағы альянс әскерінің тағдыры қандай болатынын жақсы аңғартты. Өйткені бұл жиында Польшаның украин жеріндегі "бітімгерлік" бастамасының жайы талқыланады деген болжам бар.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы