Фото

Алматы тұрғындары мен қонақтары Наурыз мейрамын қалай тойлады – фото

Алматыда Наурыз мейрамы дүркіреп өтіп жатыр. Биыл мерекеге орай қала бойынша сексеннен астам іс-шара өтеді деп жоспарланған.
Sputnik
Негізгі іс-шаралар Панфилов, Жібек жолы және Төле би көшелерінде өтеді. Жаяу жүргіншілер көшелерінде киіз үйлер тігіліп, қолөнершілердің жәрмеңкесі, мейрамханалар аллеясы, суретшілердің көрмелері мен балалар аймағы ұйымдастырылған.
1 / 7

Дәл осы күні қалада күн жылып, серуендеуге ыңғайлы болып тұр

2 / 7

Бұл күні қала тұрғындары мен жалпы қазақстандықтарды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

3 / 7

Қалада мейрам күндеріне орай барлық аудан бойынша сексеннен астам іс-шара жоспарланған.

4 / 7

Оның ішінде спорт жарыстары мен түрлі концерттер бар.

5 / 7

Көпшілік мұнда ұлттық киімде жүр, қолдан жасалған бұйымдар саудасы да қызып тұр.

6 / 7

Қала орталығында ұлттық ойындар мен дәстүрлер дәріптеліп жатыр.

7 / 7

Мерекелік іс-шараның басым бөлігі "Астана" алаңында өтіп жатыр. Мұндағы концертке 500-ден астам әртіс қатысады деп жоспарланған.

Қаланың негізгі концерті ҚБТУ ғимараты алдындағы "Астана" алаңында өтіп жатыр. Мерекелік концертке 500-ден астам әртіс қатысады деп жоспарланған.
Олардың арасында Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Жамиля Серкебаева, Рухия Байдукенова, Тамара Асар, Парвиз Назаров, Ситора, Дильназ Ахмадиева, Диана Шарапова, ДинаЯ, Ардақ Балажанова, Айгүл Елшібаева, Айгүл Қосанова, Ерлан Рысқали, Ерболат Чалдыбеков, Ардақ Балажанова, Әли Оқапов, "KeshYou", "Блокбастер" шоу-балеті, домбырашылар ансамблі, "Салтанат" би ансамблі, "Сарын" тобы, "Filigram" шекті аспаптар квартеті бар.
Бүгін "Астана" алаңындағы концертте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Президент бүгінгі мерекелік күннің жаңа өзгерістерге бастауына, тұғыры мығым, бірлігі бекем еліміздің жасай беруіне тілектестік білдірді.