Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Алматы тұрғындары мен қонақтары Наурыз мейрамын қалай тойлады – фото

Жазылу
Алматыда Наурыз мейрамы дүркіреп өтіп жатыр. Биыл мерекеге орай қала бойынша сексеннен астам іс-шара өтеді деп жоспарланған.
Негізгі іс-шаралар Панфилов, Жібек жолы және Төле би көшелерінде өтеді. Жаяу жүргіншілер көшелерінде киіз үйлер тігіліп, қолөнершілердің жәрмеңкесі, мейрамханалар аллеясы, суретшілердің көрмелері мен балалар аймағы ұйымдастырылған.
© Sputnik/Александр Мироглов

Дәл осы күні қалада күн жылып, серуендеуге ыңғайлы болып тұр

Дәл осы күні қалада күн жылып, серуендеуге ыңғайлы болып тұр - Sputnik Қазақстан
1/7

Дәл осы күні қалада күн жылып, серуендеуге ыңғайлы болып тұр

© Sputnik/Александр Мироглов

Бұл күні қала тұрғындары мен жалпы қазақстандықтарды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Бұл күні қала тұрғындары мен жалпы қазақстандықтарды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. - Sputnik Қазақстан
2/7

Бұл күні қала тұрғындары мен жалпы қазақстандықтарды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

© Sputnik/Александр Мироглов

Қалада мейрам күндеріне орай барлық аудан бойынша сексеннен астам іс-шара жоспарланған.

Қалада мейрам күндеріне орай барлық аудан бойынша сексеннен астам іс-шара жоспарланған. - Sputnik Қазақстан
3/7

Қалада мейрам күндеріне орай барлық аудан бойынша сексеннен астам іс-шара жоспарланған.

© Sputnik/Александр Мироглов

Оның ішінде спорт жарыстары мен түрлі концерттер бар.

Оның ішінде спорт жарыстары мен түрлі концерттер бар. - Sputnik Қазақстан
4/7

Оның ішінде спорт жарыстары мен түрлі концерттер бар.

© Sputnik/Александр Мироглов

Көпшілік мұнда ұлттық киімде жүр, қолдан жасалған бұйымдар саудасы да қызып тұр.

Көпшілік мұнда ұлттық киімде жүр, қолдан жасалған бұйымдар саудасы да қызып тұр. - Sputnik Қазақстан
5/7

Көпшілік мұнда ұлттық киімде жүр, қолдан жасалған бұйымдар саудасы да қызып тұр.

© Sputnik/Александр Мироглов

Қала орталығында ұлттық ойындар мен дәстүрлер дәріптеліп жатыр.

Қала орталығында ұлттық ойындар мен дәстүрлер дәріптеліп жатыр. - Sputnik Қазақстан
6/7

Қала орталығында ұлттық ойындар мен дәстүрлер дәріптеліп жатыр.

© Sputnik/Александр Мироглов

Мерекелік іс-шараның басым бөлігі "Астана" алаңында өтіп жатыр. Мұндағы концертке 500-ден астам әртіс қатысады деп жоспарланған.

Мерекелік іс-шараның басым бөлігі "Астана" алаңында өтіп жатыр. Мұндағы концертке 500-ден астам әртіс қатысады деп жоспарланған. - Sputnik Қазақстан
7/7

Мерекелік іс-шараның басым бөлігі "Астана" алаңында өтіп жатыр. Мұндағы концертке 500-ден астам әртіс қатысады деп жоспарланған.

Қаланың негізгі концерті ҚБТУ ғимараты алдындағы "Астана" алаңында өтіп жатыр. Мерекелік концертке 500-ден астам әртіс қатысады деп жоспарланған.
Олардың арасында Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Жамиля Серкебаева, Рухия Байдукенова, Тамара Асар, Парвиз Назаров, Ситора, Дильназ Ахмадиева, Диана Шарапова, ДинаЯ, Ардақ Балажанова, Айгүл Елшібаева, Айгүл Қосанова, Ерлан Рысқали, Ерболат Чалдыбеков, Ардақ Балажанова, Әли Оқапов, "KeshYou", "Блокбастер" шоу-балеті, домбырашылар ансамблі, "Салтанат" би ансамблі, "Сарын" тобы, "Filigram" шекті аспаптар квартеті бар.
Бүгін "Астана" алаңындағы концертте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Президент бүгінгі мерекелік күннің жаңа өзгерістерге бастауына, тұғыры мығым, бірлігі бекем еліміздің жасай беруіне тілектестік білдірді.
Жаңалықтар
0