Жауын-шашын, жел: ертең ауа райы қандай болады

Sputnik
АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Синоптиктер болжамына сәйкес, 21 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауып, жел күшейеді. Оңтүстік жартысында жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады. Республика бойынша тұман түсуі мүмкін.
Елдің оңтүстік-шығысында, батысында көктайғақ болады, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында бұрқасын болжанады.
Ақмола облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, облыстың солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 23-28 м/с болады. Түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде бұрқасындатады.
Қостанай облысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ, түнде солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын болады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында бұрқасындатуы мүмкін, облыстың басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді.
Павлодар облысының түнде солтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз батыста екпіні 25 м/с болады. Облыстың солтүстігінде бұрқасындатады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман түседі, солтүстік-батысында, батысында, орталығында жел жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетеді.
Ақтөбе облысының түнде солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді. Күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ болады.
Жамбыл облысында түнде тауларда, күндіз басым бөлігінде тұман, көктайғақ болады. Таңертең және күндіз оңтүстік-батысында желдің 15-20 м/с дейін күшейеді, екпіні 23 м/с болады.
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі, шығысында жел жылдамдығы 17-22 м/с дейін жетеді.
Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі, таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі, күндіз солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, солтүстік-шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, күндіз Атырау облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қоғам
Синоптиктер жазда және күзде ауа райы қандай болатынын айтты