https://sputnik.kz/20220317/sinoptikter-zhaz-kuz-aua-rayy-23581985.html
Синоптиктер жазда және күзде ауа райы қандай болатынын айтты
Синоптиктер жазда және күзде ауа райы қандай болатынын айтты
Sputnik Қазақстан
Синоптиктер күздің алғашқы айларына да болжам жасады
2022-03-17T09:01+0500
2022-03-17T09:01+0500
2022-03-17T09:01+0500
қоғам
ауа райы
синоптиктер
жаз
қыс
https://sputnik.kz/img/07e5/07/10/17620388_0:0:3360:1890_1920x0_80_0_0_d41fdf1da386aa590de7949ecaa37023.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Қазгидромет сәуірден қазан айына дейінгі аралыққа маусымдық ауа райы болжамын ұсынды.КөктемСиноптиктердің болжамынша, сәуірде еліміздің барлық аумағында орташа айлық температура нормадан 1-2°C жоғары, республиканың шығыс бөлігінде – нормаға жуық болады.Алайда көктемде ауа райы қысқы тосынсый жасауы мүмкін. Өйткені өтпелі маусымда синоптикалық процестер өте тұрақсыз болады. Суық ауа массаларының әсерінен солтүстік өңірлерде қар жауып, боран соқса, арктикалық антициклонның енуіне байланысты оңтүстік аймақтарда үсік болуы мүмкін.Мамырда республиканың басым бөлігінде орташа айлық температура климаттық нормаға жуық болады деп күтілуде. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде температура климаттық нормадан 1°C төмен болады. Оған Сібір аймақтарынан суық ауа массаларының енуі себеп.Сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын нормадан аз, ал мамырда нормаға жуық болады.ЖазЖаздың алғашқы екі айында – маусым мен шілдеде республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1-2°C жоғары болады деп болжануда. Тамыз айында температуралық фон Қазақстанның көптеген облысында климаттық норма шегінде, елдің солтүстігінде нормадан 1°C жоғары болады.Маусым айында елдің басым бөлігінде жауын-шашын нормадан аз, шілде және тамызда нормаға жуық. Шілдеде елдің қиыр оңтүстік-шығысында, тамызда оңтүстікте, оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан көп болады.КүзКүздің алғашқы айлары қазақстандықтарды жылы ауа райымен қуантады.Қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде орташа айлық температура нормадан 1°C жоғары болады деп болжануда. Тек батыста, қиыр солтүстікте, оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен шығыстың тау бөктеріндегі аудандарда ауа температурасы нормаға жуық болады.Қазан айында еліміздің басым бөлігінде орташа айлық температура нормаға жуық, ал оңтүстік-батыс пен солтүстік-батыста нормадан 1°C жоғары.Қыркүйек және қазан айларында республиканың барлық дерлік облысында жауын-шашын нормадан аз болады деген болжам бар.Айта кетері, жарты жылға арналған маусымдық болжам жылына екі рет жасалады:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/10/17620388_321:0:3052:2048_1920x0_80_0_0_95547483a3fe72f8b0121acf74dc22fc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауа райы болжамы жаз қыс күз прогноз погоды зима лето
ауа райы болжамы жаз қыс күз прогноз погоды зима лето
Синоптиктер жазда және күзде ауа райы қандай болатынын айтты
Сәуір айында елдің солтүстігінде қар жауып, боран соғуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Қазгидромет сәуірден қазан айына дейінгі аралыққа маусымдық ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің болжамынша, сәуірде еліміздің барлық аумағында орташа айлық температура нормадан 1-2°C жоғары, республиканың шығыс бөлігінде – нормаға жуық болады.
Алайда көктемде ауа райы қысқы тосынсый жасауы мүмкін. Өйткені өтпелі маусымда синоптикалық процестер өте тұрақсыз болады. Суық ауа массаларының әсерінен солтүстік өңірлерде қар жауып, боран соқса, арктикалық антициклонның енуіне байланысты оңтүстік аймақтарда үсік болуы мүмкін.
Мамырда республиканың басым бөлігінде орташа айлық температура климаттық нормаға жуық болады деп күтілуде. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде температура климаттық нормадан 1°C төмен болады. Оған Сібір аймақтарынан суық ауа массаларының енуі себеп.
Сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын нормадан аз, ал мамырда нормаға жуық болады.
Жаздың алғашқы екі айында – маусым мен шілдеде республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1-2°C жоғары болады деп болжануда. Тамыз айында температуралық фон Қазақстанның көптеген облысында климаттық норма шегінде, елдің солтүстігінде нормадан 1°C жоғары болады.
Маусым айында елдің басым бөлігінде жауын-шашын нормадан аз, шілде және тамызда нормаға жуық. Шілдеде елдің қиыр оңтүстік-шығысында, тамызда оңтүстікте, оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан көп болады.
Күздің алғашқы айлары қазақстандықтарды жылы ауа райымен қуантады.
Қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде орташа айлық температура нормадан 1°C жоғары болады деп болжануда. Тек батыста, қиыр солтүстікте, оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен шығыстың тау бөктеріндегі аудандарда ауа температурасы нормаға жуық болады.
Қазан айында еліміздің басым бөлігінде орташа айлық температура нормаға жуық, ал оңтүстік-батыс пен солтүстік-батыста нормадан 1°C жоғары.
Қыркүйек және қазан айларында республиканың барлық дерлік облысында жауын-шашын нормадан аз болады деген болжам бар.
Айта кетері, жарты жылға арналған маусымдық болжам жылына екі рет жасалады:
15 қазан – қараша-наурыз айларына;
15 наурыз – сәуір-қазан айларына.