НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз — Sputnik. Атырау – Орал тас жолында 16 наурызда болған жол апатынан полицей қаза тапты, деп хабарлады "Мой ГОРОД".
Қайғылы оқиға таңертең болған. Toyota Camry жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, полицейдің Skoda қызметтік көлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан жеті адам зардап шеккен, олар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Полицей сол жерде көз жұмды.