НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Ресей Қырым мен Севастопольді көтеру үшін көп нәрсе істеді, оларды Украинаның құрамынан шығаруға тура келді, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин "Лужники" стадионында.
Ресей президентінің пікірінше, қырымдықтар мен севастопольдіктер неонацистер мен шектен шыққан ұлтшылдардың жолына тосқауыл қойып, дұрыс қадам жасаған. Өйткені басқа аумақтарда болған және әлі де болып жатқан оқиғалар осының айқын дәлелі, дейді ол.
"Осы уақыт ішінде Ресей Қырым мен Севастопольді көтеру үшін көп нәрсе істеді. Жай көзге бірден көрінбейтін шаруалармен айналысуға тура келді. Олар іргелі сипатқа ие: газбен жабдықтау, энергиямен қамтамасыз ету, коммуналдық шаруашылық, жол желісін қалпына келтіру, жаңа жолдар, күрежолдар мен жаңа көпірлер салу жұмыстары атқарылды", - деді ол.
Путин Украинадағы әскери операцияға аттанған ресейлік әскерилер ерлік көрсетіп жатқанын атап өтті.
"Мәселе мынада, бірлік – Ресейдің барлық халқы мен барлық конфессиясы өкілдері үшін, біздің халқымыз үшін әр жақты құндылық. Ал осы әскери операция кезінде біздің жігіттеріміздің қалай күресіп жатқаны, қалай иық тіресе әрекет етіп жатқаны мұның ең жақсы дәлелі болмақ", - деп атап өтті Ресей басшысы.
Ресей өзінің барлық жоспарын міндетті түрде жүзеге асырады, деді Ресей президенті Владимир Путин.
"Біз бұдан әрі не істеу керектігін, оны ненің есебінен, қалай жасау керектігін білеміз. Және біз алға қойылған барлық жоспарды міндетті түрде орындаймыз", - деп түйіндеді Путин.